» » Қасапшылық – ежелгі кәсіп

Қасапшылық – ежелгі кәсіп

ҚАЗАҚ ҚАШАН ДА ӨРІСІН МАЛМЕН КЕҢЕЙТКЕН ХАЛЫҚ. СОҒАН САЙ ТҮЛІК МАЛЫНЫҢ САН СЫРЫН БІЛГЕН. СОНЫҢ БІР ҮЛГІСІ – ҚАСАПШЫЛЫҚ. АТА-БАБАДАН КЕЛЕ ЖАТҚАН БҰЛ ӨНЕР ӘЛІ КҮНГЕ ҚАЖЕТІН ЖОЙҒАН ЕМЕС. ӘКЕДЕН БАЛАҒА ЖАЛҒАСЫП ӨЗ ҚҰНДЫЛЫҒЫН САҚТАУДА. ҚАЗІРГІ ТАҢДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ДАМЫҒАН СА­ЙЫН МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДА НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ. МАҚАЛАМЫЗДЫҢ БҮГІНГІ КЕЙІПКЕРІ ҚАСАПШЫ ӨНЕРДІ ЖАНЫНА СЕРІК ЕТКЕН – БАҒДАТ ҚАЛДЫБЕКҰЛЫ.
Аудандағы «Бекетай-ет 2» мал сою алаңында қызмет істейтін жігіт ағасымен тілдесу біз үшін сәтті болғандай. Олай деуіміздің себебі қазір нағыз қасапшы жоқтың қасы. Тіпті болғанның өзінде оларды ұстау қиын. Кейіпкеріміздің қасапшылықпен айналысып жүргеніне екі жарым жылдан асыпты. Қасапшы болуына қайынағасының септігі тисе керек.
– Бұл өнер әр жігіттің бойында болуы керек қасиет. Мен де бертін келе осы кәсіпке қатты қызықтым. Алғаш рет іріқарадан бастадым. Қасапшы болу үшін алдымен өзің таза болуың керек. Сойылған мал адалынан жан тапсырған жөн. Құбылаға қаратып, «Бісмілләңді» айтып, қолыңдағы пышағың бір тартқанда өтіп тұрған ол нағыз қасапшыға тән қасиет. Сонымен қатар күшті әрі айлалы болуды да талап етеді. Өйткені кейбір мал өте асау, сезімтал келеді. Әсіресе сиыр малы сезгіш. Ол сенің қолыңдағы құралыңнан қанды көріп немесе үстіңдегі киіміңнен иісін сезіп қойса дес бермейді. Сенің әрекетіңе көнбей оқыс қылуы мүмкін. Сондықтан айла-амалға көшіп құлатудың қамын жасайсың, – дейді Бағдат.
Көпке топырақ шашты демеңіз. Қазір жігіттер арасында мал сою тым сирек. Шыны керек үйден Құран оқытып, мал шалатын болсақ көршінің үйін шарлап немесе ағайын-туыстан іздеп шақырып жатамыз. Пышақ ұстау түгілі, оған қарап тұруға дәтіміз шыдамайды. Мұның өзі әлсіздігімізді дәлелдемей немене? «Сол үшін ер жігіт қамшы ұстап, атқа мініп, мылтық ұстау секілді арасында мал со­йып, мінез қалыптастыру керек» дейді кейіпкеріміз.
Бағдатты аудан, ауылдардан іздеп келушілер көп. Әлгінде айтқандай малын сойдырып, жіліктетіп алады. Бір күнде екі-үш ірі қара бауыздап жіліктеген кездерім болды дейді ол сөз арасында.
– Кейде жедел-жәрдемдегілер секілді уақытқа қарамай шақырту алатын кездер болады. Түн ортасында хабарласып «жақыным қайтыс болды, мал сою керек» деп алып кетеді. Ондайда бас тартпай көмектесуге ұмтылып тұрамыз. Кейде қасапшының қолына қарайды. Қолы ауыр және жеңіл соятындар бар. Ол да бір қасиет, – дейді ол.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
09 қараша 2021 ж. 720 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031