» » Тепловоз тізгіндеген теміржолшы

Тепловоз тізгіндеген теміржолшы



Халқымызда «Әр адам өз өмірінің құрылысшысы» деген сөз бар. Оны қай арнаға бұрғың, бояғың келеді, ерік өзіңде. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз өзінің өмір жолын тікелей теміржолға арнаған жан. Ал теміржол – экономиканың күретамыры. Ел игілігі үшін күн-түн демей үлкен істер атқарып жүрген машинистердің өнегелі істері кімге болса да үлгі болғандай. Ел іші мен көршілес жатқан мемлекет арқылы әлемнің барлық елінен келетін және тасымалданатын түрлі жүкті діттеген жеріне уақытында әрі дұрыс жеткізуде темір­жолшылардың атқарып отырған қызметі аса ауқымды. Сол мыңдаған тонна жүк тиелген пойыз құрамаларын сүйрейтін отар­баларды басқаратын машинистердің міндетінің мәні мен мәртебесінің орны бөлек. Бүгінгі мақаламыз темірдей тәртібі бар теміржолшы мамандығын өміріне серік еткен Жабпарберген Әбдіқалықов жайында болмақ.
Ол ауданға қарасты Ақжар ауылында өмірге келіп, кенттегі №26 мектепте 9 жылдық білім алып, Қазалыға аттанады. Ондағы ГПТУ-да білімін жетілдіреді. Жас маманның алғашқы еңбек жолы 1983 жылы «Қызылорда локомотив пайдалану депосында» басталып, осы жерде 38 жылдан бері еңбек етуде.
Нә­па­­қа­сын шойын жолдың қожайыны болып саналатын отарбаны басқару арқылы тап­қан, берекелі әулеттің отағасы Жабпарберген Шамшаұлын әңгімеге тартқанымызда төмендегіше тебіренді.
– Мектепте жүргенде-ақ пойызды жете­гі­не алып, зулап келе жатқан паровозды басқаруды армандайтынмын. Сол мақсат­тың жетегімен орта білім алдым. Мамандығым бойынша жұмысқа кіріп, машинистің көмек­шісі міндетін атқаруға кірістім. Әскерге барып келгеннен кейін де сол жауапты ма­ман­дығым бойынша жұмысымды жалғас­тыр­дым. Араға бірнеше жыл салып барып ма­ши­нист атандым. Қазіргі кезде ІІІ сы­нып­ты машиниспін. Жосалы – Тереңөзек – Жалағаш аралығында жүк пойыздарына 12 адам, ауысым арқылы қызмет көрсетеміз, – дейді ол.
Сондай-ақ әңгіме арасында өзіне машинистікті меңгеруді үйреткен тәлімгерлері Әбдраш Қуанышбаев пен Серік Қуантаевтың есімін зор ілтипатпен атап өтті. Отарбаны басқарып келе жат­қанына біршама жыл болған ел ағасының өзі де біраз мықты шәкірттер тәрбиелеуде. Олар да бүгінде осы салада тер төгіп, алдыңғы қатардан көрініп жүр.
– Жұмысымыздың күрделілігі мен жауап­кершілігін жеткізіп айту қиын.  Дегенмен жүре келе барлығын меңгердік. Теміржолға бірінші кезекте темірдей тәртіп қажет. Мәселен, тепловозды басқарып келе жатқанда, алдыңнан кедергі шықса, алып машинаны тоқтату оңайға соқпайды. Тіпті мүмкін де емес. Мыңдаған тон­на сүйреп келе жатқан отарба автокөлік немесе трактор емес. Сондықтан сақтықты әрдайым есте ұстауға тиістісің. Айына 160-170 сағат алып машинаны басқару оңайға соқпайды. Кей жағдайда күн-түн деместен уақытпен санаспай жұмыс істейтін кездер де болады. Осы орайда, басшылық тарапы­нан біздердің дер кезінде демалуымызға, тамақтануымызға қажетті жағдайлардың барлығы жасалғанын айта кеткенді жөн көріп отырмын. Еңбекақымыз да жаман емес. Әлеуметтік қолдаудан да кенде емеспіз. Жалпы мен өз кәсібімді мақтан тұтамын және еңбек ете білген жанның тасы өрге домалайтындығына көзім әбден жетті, – деген ол уақыттың жылдам екенін айтып, ойға қалды.
Осы мекемеге жас маман болып аяқ басқан кейіпкеріміз 2 айдан соң зейнетке шықпақ. Саналы ғұмырының 38 жылын сүйікті мамандығына арнаған ол әріптестері арасында сыйлы. Мамандығына адалдығы үшін талай рет марапат төрінен де көрінген. Мерейлі мерекесіне орай басшылықтың алғысын арқалаған білікті маман иесі қашанда құрметке лайық.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ,
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет)
08 тамыз 2021 ж. 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031