» » Шойын жолдың шебері

Шойын жолдың шебері

Аспаптың қос ішегіндей созылған шойын жолда күндіз-түні тынымсыз тіршілік. Ерсілі-қарсылы дүрсілдей өткен жүрдек пойыздар ащы дауысын шыңғырта шырқап, көк түтінін аспанға будақтата шашып, межелі жеріне дер кезінде жету үшін кідіріссіз жылжуда. Олар табиғаттың қолайлы және жайсыз күндерін де елеп жатқан жоқ. Әдеттегідей шығыс беттен келе жатқан жүк тасымалы пойызы жылдамдығын бәсеңдетіп стансаға кірді. Екі иығынан демалып, ұзын сонар вагонын сүйрей ентігін баса кірген тепловозды кіре-беріс постыдан жол кезекшісі жалауын көтеріп күтіп алды. Бүгінде темір жолдың біз білмейтін саласы жетерлік. Осы бір мамандықтың ыстығына күйіп, суығына төзіп жүрген жанның бірі – Ерлік Қожабайұлымен жолыққан едік. Оның бұл саладағы отыз жыл еңбегін өз аузынан естіп, мамандық таңдаудағы сырын ұқтық.
1957 жылы дүниеге келген ағамыз Бермішовтер әулетінде темір жол саласын таңдаған жалғыз кісі. Ол Жосалы кентіндегі №27 М.Фрунзе атындағы 10 жылдық мектепті бітіргеннен кейін оқуға түсе алмай, 1975 жылы әскер қатарына алынады. Екі жыл борышын өтеп келген ол алғашқы еңбек жолын ПМК-83 мекемесінде бастайды. Уақыт өте Қармақшы жол бойы мейрамханасында экспедитор қызметіне орналасып, 1990 жылы үкімет ыдыраған тұста Жосалы стансасына жол кезекшісі қызметіне ауысады. «Үлкен кісілердің берген батасы, айтқан ақылымен осы саладан еш ауыспай, күні бүгінге дейін қызмет істеп келемін» дейді ол әңгімесін жалғап.
– Теміржолшы мамандығының өзгеден ерекшелігі, бұл – тәртіп. Бауыржан Момышұлының: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» дегеніндей, темір жолда темірдей тәртіп қалыптасқан. Мұнда қысы-жазы ауа райының тосын мінезіне қарамай халық-шаруашылық жүктерін, сонымен қатар жолаушылар тасымалдайтын болғандықтан тәртіпсіздікті көтермейді. Жұмыста өте қырағылықты талап етеді. Стансаға келген әрбір пойыздың келуін, одан шығып тұрған ақауын қадағалап тұрамыз. Егер ақау пайда болса дер кезінде станса кезекшілеріне хабарласып пойызды тоқтатамыз дейді, – кейіпкеріміз.
Рас. Мұнда қызмет қателікті кешірмейді. Себебі тоғыз жолдың торабы болған шойын жолдың кедергісіз болуы басты талап. Алда-жалда апат болса, жолды жауып тастары айтпаса да белгілі. Сондықтан мұндай кедергілерді болдырмас үшін пойыздарды жүру кезінде әбден қарап оның жүру жолын тексеру, вагондардың дұрыс қозғалуын бақылау бәрі жол кезекшісіне міндеттелген. «Пойыз стансаға кірерде және шығарда жүк вагондарының аман-есен өтуін оның қауіпсіздігін барынша қамтамыз етеміз» дейді ол. Техника болғаннан кейін түрлі жағдайлар болып тұрады. Алғашқы қызмет жылдарында болған оқиғаларымен де бөлісті.
– Тоқсаныншы жылдары үкімет тарап, бөлісу көбейіп жүк тасымалдау қозғалысы азайып кетті. Сол жылы жол кезегіне ауысымда тұрғанымда сағат түнгі бірдің шамасында біздің стансадан бесінші жолда жалғыз пойыз Алматы бағытына қарай жүргелі тұр екен. Бірақ осыған қарама-қарсы бағытта Ташкент пойызы да келе жатыр. Содан келген пойызды қабылдап алып, бесінші жолдағы пойызға жүруге белгі бергенде кенет темір жол үстімен «Зил» машинасы қатты келіп бүкіл белгілерді басып, жолдың бұрмасын қиратып өтті. Дереу станса жаққа хабар беріп, жүргелі тұрған пойызды тоқтаттық. Әйтеуір абырой болғанда адамдарды шақырып, жолды жөндеп пойызды жібердік, – дейді теміржолшы.
Бүгінде Ерлік Бермішов қызметте көпке үлгілі азамат. Осы отыз жыл ішінде адал еңбегі үшін Қазақстан темір жолының жүз жылдығы мерекесінде төсбелгі тағынды. Одан бөлек, түрлі марапаттарға ие. Қазіргі таңда өзінің қолынан дәріс алып, жоғарыдан көрініп жүрген шәкірттері де бар. Олардың арасында Дархан Бижановты ерекше айтады.
Кейіпкеріміз бүгінде аяулы жары Айымкүл екеуі тоғыз бала тәрбиелеп өсірген өнегелі отбасы. Балаларының көбі ішкі істер органында қызмет стейді. Ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырып, олардан төрт немере сүйіп отыр.
«Теміржолшы – мәртебелі мамандық. Осы сала ұнамаса кетіп қалар едім, өзіме ұнаған соң отыз жыл еңбек етіп келдім. Бүгінде теміржолшы болғаныма мақтанамын» дейді ол әңгімесін тәмамдап.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
04 тамыз 2020 ж. 848 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031