Құрылтай
» » Перуде пойыздар соқтығысып, 23 адам зардап шекті

Перуде пойыздар соқтығысып, 23 адам зардап шекті

Перуде пойыздар соқтығысып, 23 адам зардап шекті
Перудің Мачу-Пикчу қаласына жақын жерде 2 саяхатшылар пойызы соқтығысып, 23 адам жарақат алды.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Куско қаласынан шыққан пойыздардың бірі жергілікті халықтың наразылық шеруінің кесірінен жолда тұрып қалған. Ал одан кейін келе жатқан пойыз оны артынан келіп соққан. Қазір апат кезінде жапа шеккендерге дәрігерлік көмек көрсетіліп, оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
Айта кетейік, Перудің оңтүстігінде орналасқан Мачу-Пикчу шаһары инктер дәуіріндегі тарихи ескерткіштерімен әйгілі. 1983 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізілген бұл орындарға саяхатшылар көптеп келеді. Мысалы, 2016 жылы Мачу-Пикчуға 1 жарым миллионға жуық турсит қатынаған екен.
01 тамыз 2018 ж. 1 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 679
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31