» » ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАЛҚАНЫ

ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАЛҚАНЫ

Тарихы тереңді бойлаған, басы Мәскеу қаласынан басталып, мына шеті Алматы, Ташкент, Бішкек қалаларына жететін теміржол желісі бүгінде Жосалы кентінің қақ ортасын бөліп өтуде. Міне, сол шойын жолдың екі жағында мекендеген кент тұрғындары күніне 20-ға жуық жолаушы және жүк пойызы өтетін теміржолдағы өткел арқылы қатынайды. Бұл әрине, кент тұрғындары үш­ін қауіпті. Соңғы жылдары осы аймақтан адам және мал өтпес үшін темір шарбақтармен қоршап қойғанымен, діттеген жеріне жетуді мақсаттаған автокөлік тізгіндегендер мен жаяу жүргіншілер жүйткіп келе жатқан пойыз келем дегенше «өткелден тез өтіп кетем» деп келеңсіз жағдайға тап болып жатады. Тіпті, (кей аймақтарда) адам өлімі де орын алған кездер жоқ емес.
Міне, осы теміржол өткелімен өтетін көліктер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында 4 кезекші бекітілген қызметін мін­сіз атқарады. Өткел арқылы өтетін пойыздар жақын­дағанда оны жауып, жүргіншілердің қауіпсіз жерде тұруын бақылайды, сонымен бірге пойыздың осы жерден өту қауіпсіздігін ұйымдастырады. Яғни, релсьтің ақауларын реттеп, аумақ тазалығын қадағалайды. Жүргіншілермен қауіпсіздік ережесін бұзбауда үгіт-насихат жүргізеді.
Кейде бізге, яғни журналистерге мақала жазуға өзінің көрген, естіген әңгімелері сеп болады. Міне, осы мақаланы жазуға итермелеген жағдай жоғарыда аталған теміржол өткелі.
Әңгіме төркініне ауысайық, осыдан біраз жыл бұрын көлікпен жұмыс барысымен өткелден өтуге келдім, жабық екен. Кезекте тұрғандар көп, мен де тұрдым. Пойыздың қашан өтетіні белгісіз болған соң, көліктен шығып, таза ауамен тыныстап тұрғанмын. Біршама уақыттан кейін өткелдің алды көлікке толды. Тіпті, арғы беттен өтетіндердің де жолы бөгелді.
«Мен бірінші өтіп кетуім керек» дегендей, көліктерін өткел кедергісіне тақап қойған. Әлқисса, біз әлі пойызды күтіп тұрмыз. Бір уақытта манағы көліктерін өткел кедергісіне тақап тұрғандардың бірі шыдамады ма, көлігін от алдырды да анадай жерден әдеттегідей «мен келе жатырмын» дегендей ащы дауысты пойызды күтпей арғы бетке жүйтки жөнелді. Тіпті, алдынан жанұшыра дауыстап шыққан өткел кезекшісінің айқайына да қарамады. Ол да өтіп үлгірді, пойыз да өтті. Біз аң-таң қарап тұрмыз. Өткел кезекшісінің түрі бұзылып кеткен. Көлік жүргізуші болса, өз жөнімен кетті. Екінші мысал, бірде араққа сылқия тойып алған жігіт ағасының жабық өткелден өткісі келіп, оған кедергі жасаған кезекшімен төбелесіне куә болғанымыз да бар.
Міне, қиыншылығы мен жауапкершілігі жоғары осындай міндетті өзіне жүктеген өткел кезекшілері қашан да құрметке лайық.
Өткел кезекшісі Мұрат Тұрғанбайұлымен бір мектепте білім алдық. Ол менен бір сынып жо­ғары оқығанымен, жылымыз бір, құрдаспыз. Шой­ын жолдың бойында біршама жылдан бері еселі еңбегімен ұжымдастары алдында абыройлы болған Мұратқа жолығып, қиыны мен шыжығы мол қызметі жайлы аз-кем әңгімелестік.
– Теміржолшы мамандығы қадірлі болғанымен, өте қауіпті мамандық. Бұл салада қызмет ету де оңай емес. Жазда аптапты ыстыққа шыдап, қыстың қытымыр аязында шойын жолдың бойында жүріп, еңбек ету екінің бірінің қолынан келмейді. Шыдамдылық пен ептілікті талап ететін бұл салаға көптеген кісі өмірін арнады. Елеулі еңбегімен ел құрметіне бөленді. Мен де өз әріптестерім сияқты сол аға буын әріптестерімнен өнеге алып, қызмет етіп келе жатқаныма біраз жыл болды. Бастапқы кезде жол жөндеуші болғаныммен, кейін басшылық мені осы өткел кезекшілігіне ауыстырды. Бұл жерде менен басқа Қожақ, Төлепберген, Дүйсенбек сынды тәжірибелі мамандар жұмыс істейді.
Мен солардың кішісімін. Теміржол қызметі өте ауыр да үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Сәл жіберген қателігің адам өміріне зиянын тигізуі мүмкін. Десе де, теміржолшылар өзіне бекітілген міндетті орын­дауға үлкен құрметпен қарайды. Алайда, кейбір жауапсыз жүргіншілер мен автокөлік жүргізу­шілердің салғырттығынан келеңсіз жағ­дайға тап болып жататынымыз рас. Бірақ, біз мұндай жағдайды жібермеуге тырысамыз, болдырмай келеміз де, – дейді Мұрат Тұрғанбайұлы.
Еселі еңбегімен мұратын тапқан Мұрат Жосалы кенті тұрғындарына өзінің елеулі еңбегімен, өнегелі өмір жолымен танылған мерейлі шаңырақ иесі Тұрғанбай ақсақал мен Айша апайымыздың үкілеп өсірген ұрпақтың тұңғышы. Отбасылы Жары Гүлжанмен бірге ұл-қыз өсіріп отыр. Әйгерім №250 мектеп-лицейде ұстаз болып еңбек етсе, Арайлым және егіздері Нұралы мен Ералы аталмыш білім ордасының шәкірттері.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
06 ақпан 2019 ж. 1 021 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031