» » ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАШАН БАЙҚАЛАДЫ?

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАШАН БАЙҚАЛАДЫ?

Қармақшыға қыс «желтоқсанда» келді. Солтүстіктен соққан үскірік аяз, ызғарлы желмен қоса қалың қар да жауды. «Қыс әзір түспейтін шығар, Жаңа жылды тағы қарсыз қарсы алатын болдық қой», – деп көңілдері пәс болып жүрген қармақшылықтар азанмен жұмысқа шыққанда қалың қар мен аязды көріп, қуанғаны рас. Әсіресе, балалардың қуанышында шек болмады. Ойын баласына керегі де осы емес пе?


Десе де, сол аяз бен қардың көптеген ағайынға кесірі де тимей қойған жоқ. Сол күні кент көшелерінде және аудан аумағынан өтіп жатқан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі бойында зулап өтіп жатқан ауыр жүк көліктері, көктайғақтан тізгінге ие бола алмай бір-біріне соқтығысқан жеңіл автокөліктер мен көктайғақтан құлап, қолын немесе аяғын жарақаттап алып жатқан тұрғындар көбейді.  Расында да, қыс мезгілінде мұздақтан жарақат алушылардың саны да артады. Бұл көрініс бүгінде аудан тұрғындары арасында үйреншікті әдетке айналған. Бұрындары мұндайды естіген халық «Ойпырмай, қиын болды-ау, бір жері майып болмады ма екен?» деп қынжылыс білдіретін, ал бүгінде ондай жағдайлар күнде көз алдымызда болып жатқасын ба, тіпті таңырқамайтын да халге жеттік.  Иә,  кейбір ағайындар бір-бірімен соқтығысқан көлік пен жарақат алушылардың өздерін жазғырып жатса, кейбірі мүсіркеуде.
Бұл жайында тиісті сала мамандары не дейді?
– Өңірімізде қыс басталғалы бері жерден қар кеткен жоқ. Аяз да өз ісіне берік. Осы уақыт аралығында кент орталығындағы көшелерде  қар мен аяздың кесірінен пайда болған көктайғақ пен мұздақтан қаншама адам зардап шекті. Көңілі жаз болып, биыл  қыс болмайды деген оймен, жаздық дөңгелектерін  қыстыққа айырбастауға ерінген  көлік жүрзушілердің салғырттығынан бір-біріне соқтығысқан жеңіл автокөлік саны қаншама. Осы уақытқа дейін бөлімге  көліктер соқтығысуда арызданған бір ғана жағдай  тіркелді. Ал, қаншама көлік иесі өзара татуласу арқылы мәселесін шешуде. Тіпті, кейбір жүргіншілер осы жағдайға тап болуын тұз араластырылған құм төгілмеген соң орын алуда деп жергілікті билікке кінә тағуда. Мүмкін олардың да  айтқаны дұрыс шығар, – дейді жергілікті полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ерлан Назарқұлов.
– Жосалы кентінде аязды күндер басталғалы бері жедел жәрдем бөлімі қызметкерлері үшін де жұмыстың қызатыны рас.  Биылғы қыс жылдағыдай  кент тұрғындарының денсаулығына қауіпті жағ­дайлар туғызуымен көрініс тапты. Автокөліктер соқтығысуы мен жаяу жүргіншілер арасында көк­тай­ғақтан қолдарын шығарып алу, басқа да дене жарақатын алған 3 адам хабараласты. Оларға дер кезінде алғашқы медициналық көмек берілді. Ал, жедел жәрдем көмегін қажет етпей өздері ем-дом жасағандар қаншама, – дейді жедел жәрдем бөлімінің аға фельдшері Үміт Шәдиева.
– Расында да, қыс кент тұрғындары үшін күтпеген жағдайда келді. Бұл күні қар да жауды, солтүстіктен аязды жел де соқты. Әсіресе, кенттегі жеңіл автокөлік жүргізушілер үшін оңайға соқпады. Көптеген автокөлік иесі жазғы дөңгелектерін ауыс­тырып үлгермеді. Сондай жайбарақаттың салдарынан көктайғаққа кезігіп, автокөлік соқтығысулары болды.  Мұндай күні кент әкімшілігі де қарап қалып жатқан жоқ. Осы күнге дейін кент көшелеріне 12 тонна тұз араласқан құм себілсе, бүгінде арнайы техника бөлініп, осы жұмыстарды атқаруға кірісіп жатқан жайымыз бар. Сонымен қатар, кейбір көшелердің қарын тазалау мақсатында грейдер жұмыс істеуде, – дейді Жосалы кентінің әкімі Шыңғыс Сыдықов.
Қаһарлы қыс өз дегенін істейді. Арқадан соққан үскірік желге қарсы тұру тіпті мүмкін емес. Сондықтан   қадірменді ағайын  көшеге шығарда қалың киінген дұрыс. Сақ жүрген тек жүреді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы». 
04 қаңтар 2019 ж. 1 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031