» » Сыр өңірінде биыл санавиация жедел жәрдем көрсетуге 80 рет аттанды

Сыр өңірінде биыл санавиация жедел жәрдем көрсетуге 80 рет аттанды

Сыр өңірінде жыл басынан бері санавиация қызметіне мыңнан астам шақырту түскен. Оның ішінде 80-нен астам жедел көмекке әуе көліктері арқылы аттанған. Шақыртулардың дені оқыс жағдайлар мен жол көлік апаттары кезінде болып отыр. Мәселен, жуырда ғана дәрігерлер Қармақшы ауданы Жосалы кентінің тұрғынын ажалдан арашалап қалды.  Сыр өңірінде жыл басынан бері бұл қызмет түріне мыңнан астам шақырту түскен. Оның ішінде 80-нен астам жедел көмекке әуе көліктері арқылы аттанған. Шақыртулардың дені оқыс жағдайлар мен жол көлік апаттары кезінде болып отыр. Мәселен, жуырда ғана дәрігерлер Қармақшы ауданы Жосалы кентінің тұрғынын ажалдан арашалап қалды. 17 жастағы өрімдей қыздың тағдыры қыл үстінде тұр. Оның өімрін сақтап қалу үшін дәрігерлерлер 3 күннен бері күресуде. Кеше ғана жоғары оқу орынында білім алуда армандап жүрген Айдананың бүгінгі халі тым ауыр.  Бақытжан Нысанбаев, Қармақшы аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары: - Сол күні біз санавиациямен нейрохирург дәрігерін шақыртқан болатынбыз. Әрине сол күні нейрохирург дәрігері келді. Мидың қабаттарында жарақаттар бар, осы қабаттарды алып, операцияны жасап шықты. «Айдананы ажалдан арашалауға дер кезінде көрсетілген сапалы медициналық көмектің септігі тиді» дейді ақ халаттылар. Расында соңғы уақытта аймақтың санитарлық авиация қызметі жаңа форматқа көшкен болатын. Алмат Құрманғали, облыстық жедел медициналық станциясының бас дәрігері: - Соңғы уақытта әуе жолы арқылы шұғыл көмектер көрсету еселеп артты. Нақты стастистика келтіруге болады. Мәселен өткен жылы біздің ұшақ пен тікұшақ барлығы 100 мәрте шақыртуларды орындаса. Биылдың өзінде бұл көрсеткіш 80-нен асып кетті. Ал арнайы автокөліктер арқылы 900 науқасты орталыққа жеткіздік. Айта кетейік, бүгінде облыстағы санитарлық қызметтің барлық автокөліктері  GPS құрылғыларымен жабдықталған. Бұл құрылғы реанимобильдердің қозғалысын бақылап қана қоймай, межелі жерге жедел жетуге мүмкіндік ашып отыр. Ал Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізі бойынан 13 санитарлық бекет құрылды. Әзірге пилоттық жоба ретінде жүзеге асқан жаңа жүйе аясында оқыс оқиғалар мен жол көлік апаттары кезіндегі адам өілімі көрсеткіші 38 процентке дейін кеміді. Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов
www.24.kz
05 қыркүйек 2018 ж. 941 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031