» » ЖАРҚЫРАР СӘТ ТУАР МА?

ЖАРҚЫРАР СӘТ ТУАР МА?

Білген жанға бүгінгі күн «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» бейбіт те берекелі заман десе де болады. Сонау бір жылдардағыдай көз майын тауысып, май шаммен кітап оқып, білте шаммен күн көріп отырғанымыз жоқ. Шүкір. Сонда да адам болған соң, арман таусылған ба?
Ымырт үйірілген шақта көше бойымен таза ауада серуендегің келіп немесе дүкенге керегіңді алуға шыққанда, телефонның «жарығын» қосып әлекпіз. Қуыстан біреу шыға қалатындай артыңа әлсін-әлсін қарап, үрейленіп, сүрініп, мәжелі жерге әзер жетесің. Көшесі «жарықтандырылмаған» екен деп ойлап қалмаңыз. Бұл біз тұратын Мәдрайым ишан көшесі. Әдепкі құрылған жылы бір ай жанғанымен, қазір ол да жоқ. «Жарқ етті де, жоқ болды» деген мүмкін осы болар. Ол шамдарды жағу қиын ба, әлде өшіру қиын ба сол жағын түсінбедік.
Осы мәселе қозғалғалы кент көшелерін аралап көруге бет бұрдық. Бұл жағдай тек біздің көшенің ғана емес, бүкіл кент тұрғындарының маңызды мәселесі екенін байқадық. Айта кетсем, ауданымыздың өрт сөндіру, халық банкі, ішкі істер бөлімі орналасқан яғни ең маңызды ғимараттар бой түзеген Е.Көшербев көшесінің өзінде жарық кейде бар, кейде жоқ. Ә.Жанаділов, Қ.Сәтбаев, Б.Момышұлы, К.Рүстембеков, Тайшық би, Сәрке батыр, Қасқыр Наметша, Қабылан батыр, Сейітжан ахун, С.Есқараев көшелерінде жарық жоқтың қасы. Бағаналарға орналастырылғанымен, халық пайдасын көріп отырған жоқ.
Аудан әкімінің берген есебінде, темір жол вокзалы алдындағы аумақты, Абай көшесін, Жосалы кентіне кіреберістен, Е.Көшербаев көшесіне дейін жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі делінген. Жұмыс істелініп жатқанымен, нәтижесі жоқ.
Айман Оразбаева, аудан тұрғыны:
- Мен К.Рүстембеков көшесінің тұрғынымын. Көшемізде жарық түгілі асфальт жоқ. Қодыр-қодыр жерлер. Жаңбыр жауса тіпті көшіп кетеміз. Шұрық тесік. Балаларымыз демалыс болған соң түнімен алаңсыз ойнағысы келеді. Көше қараңғы. Елімізде түрлі жағдайлар орын алып жатқан соң, қорқасың. Әрине, бетін аулақ қылсын. Көшені жарықтандыру туралы қанша рет айтылды. Алдымыздағы Абай көшесі жарқырап тұр, ал біздің көшеге келсең ауылға келгендей боласың.
Сарсен Алпамыс, кент тұрғыны:
- Ең бірінші құрылған уақытта ғана көргенбіз жарықты. Қаншама халық пайдасын көре алмай отыр. Халық көп шоғырланған жерлерде жарық кейде бар, кейде жоқ. Бір жерге барайын десең, «фонарикпен» жүреміз. Бағаналарда ілулі тұрған шамдардың пайдасын қашан көрер екенбіз?
Түйін:
Кенттегі барлық көшені аралай келе сары майдай сақталған, шамдарды көрдік. Арасында «лампасы» істен шыққандары да кездесті. Десе де, халық игілігі үшін жасалған дүниенің пайдасын қолда тұрғанда көргенге не жетсін?
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
28 шілде 2018 ж. 1 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031