» » ЖЕЛДЕН ЭНЕРГИЯ АЛЫП ТҰР

ЖЕЛДЕН ЭНЕРГИЯ АЛЫП ТҰР

Қолшамның жарығы сығырайып әнебір жерде құндақтаулы баласын емізіп отырған ана, бергі жақта жантайып, ойға шомған отағасы, шам түбінде кітап бетін парақтаған бозбаланың сұлбасы көрінеді. Киіз үйдің түндігін ашып, төбеден жақсылық күткен қазақтың баласы осылайша аспандағы жұлдызға қарап жатып, астроном да болды емес пе?! Білте шамның жарығында болмыс-бітіміміздің қисайғаны да білінбеді. Жүрістен жаңылмады. Әттең, ол кезде өзгелер ғылым кенін игеріп, дамудың даңғыл жолына түскен-ді. Ерте ме, кеш пе ұланғайыр атырапта мұндай технологияларды игеретін де, меңгеретін де жас ұланның сол күнде осылай шам түбінде кітап оқып жатқаны ақиқат. Ендігісі мүлдем бөлек. Білте шамыңыз да, дарылдап тоқ беретін жанармай генераторы да қажет емес. Төребай би ауылындағы «Шабан-Ата» шаруа қожалығы желден энергия алып отыр. 365 күннің әрбірінде жел тұратын туған жердің төсінде табиғаттың игілігіне шомылуда.
– Бұрын қаншама бензогенераторымыз бір жылға шыдас бермей күйіп кетіп жататын. Оны пайдаланарда бензин әкеп тағы бір шығындаласың. Қандай да бір жолы болу керек. Ұзақ уақыт ойланып жүріп, мына құрал туралы оқып-білгенімді ортаға салып, зерделей бастадым. Бір шығындалып, сатып алдық. Сонан соң өзінің тұғырына сәл тұрба жалғап, ұзартып қойдық. Заулап айнала жөнелді. Қазір жарық мәселесі шешілген. 230 амперлік екі аккумуляторды кезек-кезек қуаттап алып отырмыз. Екінші жылға кетіп барады. Май-су сұрамайды. Бұрынғыдай дарылдап шығатын дауыс та жоқ, жанармай тасып шаршамайсың. Енді күннен энерегия алатын құрылғыларды алуды көздеп отырмыз. Бұйыртса, ол мақсатқа да жетеміз, – деді шаруашылықтың ісін жүргізіп, ата жолын қуған Абзал Жақсылық.
Аталған құрылғының көп жерін қолдан істепті. Жел көбейіп, энергияны көп беріп жатса, дереу ажырата қояды. Мұздатқыш пен теледидарыңыз, жарығыңызды да жұмыс істете алады. Тек тиімді пайдаланса болғаны.
– Қазір жел энергиясы арқылы біз жарық пен теледидарды, телефон қуаттағыштарды ғана пайдаланып отырмыз. Мұздатқышқа жете қойған жоқпыз. Бірақ оны да істеуге болады, – деді әңгіме арасында Абзал Жомартұлы.
Бұл күнде шаруашылықтың түр-түрін қолға алған қожалықта мүйізді ірі қара мен жылқы малы бар. Одан бөлек, 20 гектар жерге бақша өнімдері, 22 гектар мақсары, 22 гектар жоңышқа, 30 гектар көне жоңышқа өсіруде. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы сиыр алып, «Құлан» бағдарламасымен жылқы өсіріп отыр. 1998 жылы құрылған шаруашылық биыл 20 жылдығын да тойламақ. Бұл қожалықта бірнеше отбасы нәпақасын айырып, несібесін жеп отыр. Әйткенмен, малшы табу қиындап барады екен.
– Мәселен, біз малшы алсақ, сиырдың сүтін өзі пайдаланады, жем-шөбін сақадай-сай қылып береміз. Барлық қажеттілігін қамтимыз, жалақысы тағы бар. Жақсы пайда таба алады. Бірақ соған адам табу қиын. Осы мәселе болмаса, басқасының барлығы жолға қойылған, – деді бір әңгімесінде Абзал Жомартұлы.
Шаруашылықтың негізін қалап, аяғынан тік тұрғызған Жақсылық ақсақалды тұтас ел біледі. Оның елге сіңген еңбегі орасан. Ауласында желдеткіш айналып, энергия өндіретін шаруашылықтың бүгінгі ісі өркен жайған. «Атамның қолғанатымын» деп, қай істе де қиындыққа төтеп беріп қалыптасқан Абзалдай немересінің талабы мен таланты тәнті етті. Көп ұзамай күн көзін пайдаға жарататын ұлағатты ұлдың алға қойған айқын мақсатына «бәрекелді» дестік.
Дәулет ҚЫРДАН,
«Қармақшы таңы».
22 шілде 2018 ж. 1 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 067

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031