» » БІЛТЕ ШАМНЫҢ ЖАРЫҒЫ

БІЛТЕ ШАМНЫҢ ЖАРЫҒЫ

Қасиетті Қармақшы аймағында та­лай­­дың санасына сәуле шашып, білім бұлағынан СУСЫНДАТЫП, шәкірттәр­биелеуде елеулі еңбек еткен жандар жетерлік. Солар­дың бірі – Ү.Томанов атын­дағы №183 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ағираш Сабырбаева. Ол отыз бес жыл бойы білім саласынДА маңдай терін төгіп келеді. 
– Жаңаша үлгіде оқытуды бастап кеттік. Заман талабына сай шәкірт тәрбиелеу – біздің міндетіміз. Өзімізді қайталайтын емес, бізден асып кететін ұрпақ тәрбиелесек, біздің шыққан шыңымыз сол болмақ, – деді ұлағатты ұстаз ә дегеннен әңгіменің әлқиссасын ұстаздық еңбек жайына бағыттап.
Ағираш Аязбекқызы 1963 жылдың мамыр айында Қармақшы топырағында дүниеге келген. Дүр Оңғар елді мекеніндегі №107 орта мектепті тәмамдайды. М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық училищесін, Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. Содан бері саладан қол үзбестен отыз бес жыл бойына шәкірт тәрбиелеп келеді. Ұстаздың алдынан өтіп, білім алып, биікке талпынған талай жас бұл күнде қанаты қатайып қиядағы қыранға айналған. №107 орта мектеп директорының орынбасары қызметін атқарып келген ол 2013 жылдан бері кент орталығындағы Ү.Томанов атындағы №183 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет істейді. Кейінгі жасқа үлгі-өнегесін беріп, жас мамандардың да кәсіби біліктілігінің жоғарылап, білім әлемінде еркін қанат қағуына септігін тигізуде.
– Бес саусақ бірдей емес. Барлық жас маманға бірдей баға бере алмаймын. Біліктісі де, төмен деңгейлісі де бар. Мәселен, біздің мектебімізде Әйгерім Тұрғанбек есімді жас маман қатарынан оза шауып жүр. Ол информатика пәнінің мұғалімі. Жарыстарға, байқауларға қатысып, шәкірттерін аудан, облысқа танытып келеді, – дейді Ағираш Аязбекқызы.
Жыл басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Мұғалім­дер­дің жалақысы мен мәртебесін көтеру керек» деген болатын. Өз кезегінде ұстаздар қауымына құрмет те толастамау керек.
– Жақын арада ұстаздардың жалақысы көбейеді. Бұл жерде бастысы, жалақы емес, біздің еңбегіміздің еленгені және балаға берілген білім. Ал, білім ақшамен өлшенбейді, – деді тәжірибелі ұстаз.
Баланы баға үшін емес, білім алуы үшін бейімдеу – бұл күннің өзекті мәселесі. Сол себепті, әрбір шәкірттің гүлденер шағын біліп, оның қай салаға жақын екенін тап басып тауып, сол салаға бағыттаған ұстаздар қауымының маман тәрбиелеуде де үлесі қомақты. Ағираш Аязбекқызының сан жылғы тәжірибесі жүздеген шәкіртке жол көрсетті. Бұл күнде ұстаздан тәлім алып, қанат қаққан жандар қоғамның түрлі саласында абыройлы еңбек етіп жүр.
Ымырт үйірілген қою қараңғылықта білте шамның жарығы жанып тұр. Бұл – шәкірттің санасына нұр сепкен Ағираш Сабырбаеваның бейнесі тәрізді...
 
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
28 ақпан 2018 ж. 2 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031