» » Елімізде бірқатар пойыз кестесіне өзгерістер енгізіледі

Елімізде бірқатар пойыз кестесіне өзгерістер енгізіледі

Елімізде 2018-2019 жылдарға арналған пойыз қозғалысының жаңа кестесі 9 желтоқсаннан бастап енгізіледі. «105» нөмірі бойынша біртұтас анықтама қызметі мен теміржол вокзалдарының анықтамалығы жолаушылар пойызы қозғалысының кестесін өзгертуге қатысты нақты ақпарат беруге дайын. 2018 жылдың 9 желтоқсанынан бастап «РТЖ» ААҚ бірлесе күнара жүретін «Қарағанды-Томск-2» бағытындағы №363/364 пойызын жолға қою жоспарланып отыр. «УТЙ» АҚ жасақтаған Бейнеу - Атырау - Қиғаш арқылы «Ташкент - Мәскеу» қатынасындағы №349/350 пойызы аптасына бір рет жүретін болады. Жолаушылардың өтініштері мен тілектері ескеріліп, ҚР ИДМ келісімімен, жол жүру уақытын 4 сағатқа қысқарту және жылдамдықты арттыру есебінен «Алматы-2 - Маңғыстау» бағытында қатынайтын №377/378 пойызын жеделдету туралы шешім қабылданды. 2019 жылдың 2 қаңтарынан «Алматы-2 - Орал» қатынасындағы №49/50 пойыздың жүру жолы өзгереді. Пойыз (Шымкент-Қызылорда станциясының орнына) Астана - Тобыл станциясы арқылы жүреді. Теміржолдағы жолаушылар тасымалында тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жазғы кезендегі іске қосылатын қосымша пойыздар келесі тәртіпте сақталады: № 152/151 Астана - Алматы жиілігі күнара; № 162/161 Алматы - Семей жиілігі күнара; № 173/174 Алматы - Шымкент жиілігі күнара; № 176/175 Алматы - Түркістан жиілігі күнара; № 251/252 Самарқанд - Астана жиілігі аптасына бір рет; № 253/254 Астана - Достық жиілігі аптасына 2 рет.

01 қараша 2018 ж. 2 779 1

JeaCold от 20 ақпан 2019 22:50
Cialis Reembolso cheapest cialis Rx Pharmacy World

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

11 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 817
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 099

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930