» » Испанияда жоғары жылдамдықпен жүретін вакуумдық пойыз таныстырылды

Испанияда жоғары жылдамдықпен жүретін вакуумдық пойыз таныстырылды

Испанияда жоғары жылдамдықпен жүретін вакуумдық пойыз таныстырылдыИспанияда алғаш рет аса жоғары жылдамдықпен жүретін вакуумдық пойыздың толық нұсқасы көрсетілді.
Калифорниялық компания жасаған пойыз жылдамдығын сағатына 1 мың 200 шақырымға дейін ұлғайта алады. Hyperloop деп аталатын бұл пойыз сұйытылған ауа толтырылған жерасты құбырымен магниттік жастықша арқылы қозғалады. Оның жолаушылар отыратын бөлігінің салмағы – 5 тонна. Ұзындығы – 32 метр. Жалпы мамандар мұндай көлік құралының аса тиімді екенін айтып отыр. Қазір әлемнің көптеген елі оған қызығушылық танытуда. Айта кетейік, бұл көлік жүйесін жасау идеясын 2013 жылы америкалық өнертапқыш әрі миллиардер Илон Маск ұсынған еді. 
Андрес де Леон, Hyperloop TT компаниясының өкілі:
- Бізге кезінде бұл жобаға миллиондаған доллар қаржы жұмсалып, кемінде 20-30 жыл кетеді деген еді. Бірақ біз оны қысқа уақыт ішінде жүзеге асырдық.
Дирк Алборн, Hyperloop TT компаниясының өкілі:
- Бұл пойыз қанатсыз ұшақ секілді. Мысалы, Мадридтен Барселонаға дейінгі жолға жиырма-ақ минут кететін болады.
24.kz

06 қазан 2018 ж. 1 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 327
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 850

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930