» » Қазақстанда пойыз билетін сататын жаңа сайт іске қосылды

Қазақстанда пойыз билетін сататын жаңа сайт іске қосылды

Теміржолмен жүру билетін электронды сатып алатын жаңа сайт – bilet.railways.kz ашылды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Ол жобаны «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Бас есептеу орталығы» мемлекеттік «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асыруда. Жаңа сайтта пойыздың жүру билетін арнайы кабинет арқылы авторлықсыз ресімдеуге болады. Сайтта «Күту парақшасы» қызметі де бар. Тұтынушы ол арқылы билет болмаған жағдайда, кезекке де тұра алады. Бос орын болған жағдайда тұтынушының электронды поштасына хабарлама түседі. Сондай-ақ жолаушылар бұрын сатып алынған билеттерді сайт арқылы қайта өткізе алады. Дисконт карта арқылы «баруға» және «қайтуға» билеттерді бір тапсырыс кезінде ресімдеуге болады. Оның сыртында сайтта пойыз кестесі туралы анықтамалық ақпарат, бос орындар, пойыз билетінің бағасы, жолаушыларға тиімді жеңілдіктер туралы мәліметтер жинақталған. Тұтынушы жолаушылардың бағалауына сәйкес, пойыздардың қызмет көрсету сапасына қатысты рейтингін де көреді. «Пойыз билетін сатып алуға халықаралық төлемақы жасаудың Visa и MasterCard жүйесін қолдана алатын барлық екінші деңгейлі банктердің төлемақы карталары қабылданады. Қиын мәселе туындағанда, оператордың online режимдегі көмегіне жүгінуге болады», – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Бас есептеу орталығының» директоры Тілеужен Оразбаев. Жаңа сайт ұялы телефон құрылғыларына да бейімделген. 
31 мамыр 2018 ж. 1 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 563
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930