» » ЖОЛАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ТИІМДІ ҮЛГІСІ

ЖОЛАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ТИІМДІ ҮЛГІСІ

Облыс әкімдігінде өткен мәжілісте Орталық Азиядағы IBA Group компаниясының директоры Михаил Бунас алдағы уақытта қызылордалықтар қоғамдық көлікте электронды жолақымен жүретіндігін айтты.Орталық және Шығыс Еуропадағы жетекші компаниялардың бірі – IBA Group компаниясы болып табылады. Автоматтандырылған бағдарлама алғаш рет Минскіде әзірленіп, пайдалануға берілген. Бүгінгі күні осы жүйемен автобустар, троллейбустар, трамвайлар, метро және қала маңы пойыздар жұмыс істейді. Жолаушылар жолақыны Mifare Plus технологиясы негізінде әмбебап iCard смарт-картасымен төлейді. Смарт-карта иесіне қол жетімді жеңілдіктер туралы ақпаратты көрсетеді. Ақшаны банк арқылы немесе терминал арқылы толтыруға болады.
– Жүйе жолаушылар ағымына түрлі уақытта және әртүрлі бағытта бақылайтын аналитикалық бағдарламаға ие. Салонға кірген кезде бақылаушы кейбір жолаушылардың қулығын іске асыруға мүмкіндік бермей, жолақыны бақылаушы жақындағаннан кейін төлеуі үшін кәртішкені валидаторға жақындатып, оның жұмысын бұғаттайды. Тексеруді аяқтаған соң бақылаушы өз картасын қайтадан валидаторға жақындатып, бұғатын алып тастайды, - деді Михаил Бунас.
Қызылорда қаласының әкімдігі қоғамдық көліктердегі электронды төлем жүйесін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырмақ. Бұл үшін облыстық бюджеттен 6 280 мың теңге бөлінді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы компания ұсынған нұсқаның артық-кем тұстарын қарастырып жатыр.
13 наурыз 2018 ж. 1 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930