» » Елімізде тұңғыш рет Қызылордада электронды билет жүйесі енгізіледі

Елімізде тұңғыш рет Қызылордада электронды билет жүйесі енгізіледі

Елімізде тұңғыш рет Қызылордада электронды билет жүйесі енгізіледі
Қызылорда автобус паркінде қолданысқа енгізілетін электронды билет жүйесінің таныстырылымы өткізілді. Алдағы күндері жолаушылар жолақысын қолындағы смартфондары арқылы төлей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Электронды жүйенің жұмыс жасауы мүлдем қарапайым. Бар болғаны ANDROID операциялық жүйесіндегі Play Market қосымшасы арқылы «IPAY» ЖШС-мен жасақталған OyBy мобильді көмекші жүктемесін орнатып, көмекші қосымшамен автобус салондарында орналасқан «QR» кодтар арқылы жол жүру ақысын бірліктеріңіз есебінен төлей аласыздар. Төлемдер автобус кондукторлары қолындағы қондырғылар арқылы бақыланып, тікелей Автобус парк орталығындағы экрандар арқылы сол мезетте көрінеді.
«Алдағы уақытта бұл кодтар автобус паркіне тиесілі барлық автобус салондарына орнатылады. Сол секілді смартфонсыз жолаушылар үшін жолақысын қолма-қол төлем түрі де қалдырылады. Заманауи электронды билет жүйесінің бұл түрі еліміз бойынша Қызылорда қаласында ең бірінші болып қолданысқа енгізіліп отыр», дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Қаюпов.



20 сәуір 2018 ж. 1 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 465
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 269

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930