» » Отбасымен екпе салдырды

Отбасымен екпе салдырды



Ойламаған жерден аты жаман кесел елді жайлап, әбігерге салғанына аз уақыт болмады. Алғашқыда таныс не туысымыздың осы індетті жұқтырғанын естісек, құдды өзімізге де кеп қалардай қорыққанымыз рас. Әлі де сол үрейден арылмадық.
Талаптарды бұлжытпай орындап, сақтық шарасын қатаң қолға алғанымен кент тұрғыны Гүлмира Айбытова аталған вирус таралды дегенде-ақ алғаш жұқтырғандардың бірі. Дәм, иіс сезбей үйінде бірнеше күн ауырған кейіпкеріміз жедел жәрдем шақырады. Алғашқы көмек көрсеткен денсаулық сақшылары «Covid-19»-ға тест алып, одан оң нәтиже шыққанын айтқанда, өмірден түңіліп кетердей болды. Аудандық жұқпалы аурулар бөлімінде жатып, 14 күн ем алып, кейін дәрігердің бақылауында болған ол бізбен де телефон арқылы тілдесіп, кент тұрғындарын індеттен сақтануға шақырған еді. Бұл оқиғаның өткеніне де жылдан асты.
Қазір күн тәртібінде тұрған өзекті мәселенің бірі – вакцина. Аурудың алдын алу үшін жүкті, емізулі баласы бар, 18 жасқа толмағандар мен есепте тұратын науқас адамдардан басқаның бәріне бұл вакцинаны алуды міндеттеді. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін көп мекеме мүшелері толығымен екпе алса, отбасымен вакцина салдырғандар да аз емес. Уатсап желісіне «Отбасымен вакцина алғандар бар ма?» деп сұрақ салғанымыз сол еді, үстін-үстін «бар», «иә» деген жауаптар жауды.
Вакцина алуды өздеріне міндет деп таныған Тұрғановтар отбасы сәуір айында-ақ «Спутник V» вакцинасын қабылдапты.
– Біз ерікті түрде алғашқылардың бірі болып вакцина алғандар қатарындамыз. Жұбайым Мұратбек пен студент балам Мағжан да сақтану үшін екпе салдыруды жөн санады. Екінші компонентін алар уақытым келгенде ауруханада жатқан едім. Дәрігерлер әзір алмасаңыз да болады деген. Бірақ денсаулығым түзеліп, өз-өзіме келген соң көп ұзатпай екіншісін де салдырдым. Басқалар айтып жатқандай дене қызуының көтерілуі, ауырсыну деген біздің отбасы мүшелерінің ешбірінде болмады. Дертпен күрестің сенімді жолы – вакцина алу. Біз көптеген ауруды вакцинацияның арқасында жеңдік. Қазір тек өзіміз үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін жауап береміз. Толыққанды өмір сүріп, үнемі бетпердемен жүрмей, жақын адамдардан шеттеп қалмау үшін әрине екпе салдыру керек. Бүкіл әлемде ұжымдық иммунитет қалыптаспайынша біз ауруды жеңе алмаймыз, – дейді Гүлмира Қиналбайқызы.
Жаппай вакцинация басталғаннан кейін аудандық емханада демалыссыз вакцина егілуде. Ойланып жүргенде әттеген-ай деп қалмас үшін, сіз де вакцина алуға асығыңыз.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
17 шілде 2021 ж. 485 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031