» » Екпе егу жүргізілуде

Екпе егу жүргізілуде

Елімізде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталғалы бір айдан асып кетті. Алдымен «Спутник V», сәуірден кейін QazCovid-in екпесімен жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандықты вакцинациялау жоспарланып отыр.
Ауданымызда «Covid-19» инфекциясына қарсы егу жұмыстары басталды. Алғашқылардың бірі болып ауданның бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев емханада «Covid-19» қарсы Ресейде өндірілген «Спутник V» екпесін салдырды. Алдымен емхана дәрігерімен денсаулық жағдайы тексеріліп, эпидемиологиялық анамнезі жинақталды. Аталмыш вакцина қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілім жағдайы болмағаны ескеріліп, екпе егілді. Екпе салынғаннан кейін 30 минут дәрігер қадағалауында болу үшін медициналық бақылау аймағына жіберіп, мамандар вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндірме жүргізді.
Иә, ең алдымен вакцина алатын адамды дәрігер толық тексереді, анамнез алынады. Пациент ерікті түрде вакцина алатыны туралы ақпараттық келісімге қол қояды. Егер ол барлық процедураларды жасауға келіссе, 21 күннен кейін вакцинаның екінші кезеңіне де келуі керек. Бірінші дозаны алған соң карантинге оқшауланудың қажеті жоқ дейді мамандар. Алғашқы доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.
– Ауданға жалпы 180 доза вакцина келген. Оның 100 дозасы Қармақшы ауданына берілсе, 80 доза Байқоңыр, Ақай елді мекендеріне үлестірілді. Бүгінде аталған дозаның 175-і салынды. Бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне екпе егілді. Атап айтар болсақ, бас дәрігердің орынбасарлары, жұқпалы аурулар бөлімінің, қабылдау бөлімінің, кезек күттірмейтін жедел жәрдем бөлімінің медицина қызметкерлері вакцина алды. Сонымен қатар орталықтың, аймақтың медбикелері, елді мекеннің медицина қызметкерлері, жүргізушілер ерікті түрде екпе алды. Вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндірме жүргізілді, – дейді ауданның бас санитар дәрігері Гүлнар Төлепбергенова.
Ауданда ерікті түрде екпе салдырғандар бар. Олардың қатарында аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов, жеке кәсіпкер Алтынбек Демесінов, №250 мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Әбдіқази Пірімжаров та бар. Иә, ерікті түрде екпе алушылар қатары күн сайын артуда.
– Ешқандай қолайсыздық сезіп тұрған жоқпын. Алдын ала денсаулық жағдайын тексерген соң екпе салдырдым. Кері әсері болған жоқ. Жағдайым жақсы, бірқалыпты, – дейді "Демеу" еріктілер тобының жетекшісі, аудандық аурухана бөлімінің бас акушері Әсем Мерекова.
Жаппай вакциналау кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне түгел салынса, екінші кезеңде вакцинация бірінші кезеңге кірмеген орта мектептердің, жоғары оқу орындарының мұғалімдерін, медицина қызметкерлерін қамтиды. Ал үшінші кезең мектеп-интернаттардың, балабақшалардың мұғалімдерін, оқушылар мен созылмалы аурулары бар адамдарды қамтиды.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
14 наурыз 2021 ж. 857 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031