» » Мамандықты еңбек нарығына сай таңдау тиімді ме?

Мамандықты еңбек нарығына сай таңдау тиімді ме?

Мамандықтың бәрі жақсы, тек өзіңе ұнайтын сүйікті ісіңмен шұғылданып, одан шабыт алу – бір ғанибет. Адам өз қызығушылығымен таңдаған мамандығынан әркез ләззат алады және өзін сол істің ең биігінен, сайып келгенде шырқау шегінен көргісі келеді. Мамандық таңдау – бір жағы табыс көзі. Жалақысы жоғары не абырой-бедел үшін өзіңе ұнамайтын жұмыспен айналысу – ең алдымен адамды қажытып жіберері сөзсіз. Себебі қызығушылық төмен.
Ал жұмысқа деген құлшынысы жоқ жұмыскерден керемет жұмыс, жақсы нәтиже көру екіталай. Сондықтан өзің ұнатқан мамандықты таңдау керек. Оның халыққа, еліміздің дамуына, әрі өзіңе пайдасы болса, онда маман өзін дамыту арқылы қандай да бір істі пайдаға, табыс көзіне айналдыра алады. Мысалы қарапайым қазақ тілі пәнінің мұғалімін алайық. Мемлекеттік қызметкер, өз ең­бегіне қарай алар жалақысы бар. Бірақ оны қалай кәсіпке айналдыруға болады? Барлығымыз білетін мектеп, колледж, университетте сабақ бере алады. Қосымша табыс таба алады. Балаларға репетитор болу, ҰБТ-ға оқушы дайындау, шетелдіктердің қазақ тілін үйренуіне көмектесу, курс ашу, инстаграм желісінде таза қазақ тілінде сауатты жазу арқылы таргетолог, СММ менеджер болуға, тағысын тағы пайда табуға жолдар жетерлік. Дегенмен, адамдардың 20 проценті не істесе де пайда таба алмайды. Олардың миы басқаша жұмыс жасайды, ойлануы бөлек. 60 процент өзін, отбасын ғана асырай алады. 19 проценті өзіне ғана емес, ауыл-аймағын асырап, демеушілік көмек көрсетіп, жақсы көлік міне алады. Ал 1 проценті ғана Илон Маск, Билл Гейтс бола алады. 80 проценті оның әрістестерінің, ұжымның әрекетіне байланысты болады.
Қазіргі уақытта миллионерлер қатары қарқынды түрде жастармен то­лығуда. Әлемнің ең бай деген кісілер тізімі бұдан әрі тек жасара бермек. Бар­лық маржа және капитализация онлайн, креатив және материалдық емес активтер қатарына еніп жатыр. Ми қызметі өнімдерінің құны физикалық әлем өнімдерінікінен асып түсуде. Виртуалды әлем белсенді түрде өмірімізге еніп келеді. Бұл әлемді жастар басқарады. Ересек активтердің білетіні көп, тәжірибесі жетерлік, алайда олардың әдіс-тәсілдері ескіріп келе жатыр. Ал жаңа дәуір заманауи шешімдерді талап етуде. Бұл барлығы үшін әлдеқайда сапалырақ болмақ. Еңбек – емдейтін бальзам, табыстың қайнар көзі. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегіңмен ақылың екі жақтап» демекші адам тек өз күшіне сенетін жерде ғана жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Сондықтан мамандықты жүрек пен ақылдың дегеніне салып таңдау керек.
Назира ЕРЛАНҚЫЗЫ
13 шілде 2021 ж. 10 836 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 261

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 360

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930