» » Мамандық таңдау - жауапты іс

Мамандық таңдау - жауапты іс

Таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, елдің ертеңі. Алдағы келешек өмірге қажет мамандықты таңдау әр шәкірттің арманы. №107 орта мектебінде 2020 жылғы
26 қараша күні мектеп директорының бейінді - бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Г. Бекмұрзаеваның ұйымдастыруымен санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, 11 сынып оқушылары арасында "Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмір кілті" тақырыбында мамандық таңдау кеші өткізілді. Мақсаты: оқушы бойында мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыра отырып, мамандық таңдауына көмектесу, бағыт - бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.
Шара барысында кездесу кешіне қатысқан түрлі мамандық иелері А.Қиясов, Б.Сыдықов, Ө.Әбілқасымов оқушыларға тың пікірлер мен ақыл-кеңестерін айтып, әртүрлі мамандықтар бойынша ақпараттар беріп, өзара ой бөлісті. Мектеп педагог-психологы М.Нұрмағанбетова оқушыларға психологиялық тренинг жүргізіп, түрлі мамандықтарға қызығушылықтарын оятты. Іс-шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Ешниязова қорытындылап, жас түлектерді болашақта мамандықты дұрыс таңдап, жақсы маман иелері болуға шақырды.
27 қараша 2020 ж. 2 009 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 273
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 432

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30