» » Табиғат байлығын сақтайық

Табиғат байлығын сақтайық


Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығын дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдары белгіленіп қабылданды.
Табиғатты пайдалану мен қорғау проблемасы қазірде де айрықша назар аудартуда. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтіп күллі шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған.
Біздің облысымызда кезедесетін сексеуіл түрі ақ сексеуіл мен қара сексеуіл. 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ҚР Үкіметінің Қаулысымен кесуге моратории жарияланған. Ана бір жылдары жұрт сексеуілдерді отқа тамызық ретінде пайдаланатын. Нарықтық қатынастың алғашқы жылдары бұл жағдай күрт өзгерді. Көмірдің жетіспеушілігі мен қымбаттаушылығы елді мекендерге тұратындарға ауыр тиіп, сексеуілді таза отын ретінде қолдана бастады. Бұрын ауыл іргесінде өсетін сексеуілдерді қазір елу, алпыс шақырым қашықтықтан ғана көре аласыз. Қалаларда кәуап (шашлык) орындары көптеп ашылып, сексеуілге деген сұраныс барынша артқанда, жұрт пайдаға құныққаны соншалық оның діңгек түбіне сым тростар байлап, тракторлармен түп тамырымен қоса жұлып алатынды шығарды. Соның салдарынан сексеуіл алқаптары бұрынғы көлемдерінен мүлдем кішірейіп кеткен. Тіптен тұқымы құрып кету алдында тұр десек артық айтқандық болмас. Бұл қоршаған ортаға үлкен зиянын тигізуде. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау мақсатында «Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман күзеті қызметкерлері биылғы жылы біршама жұмыстар атқарып келеді. Браконьерлікпен күрес бағытында 2020 жылы 18 рейд ұйымдастырылып, нәтижесінде заңсыз аң аулау фактісімен 3 жағдай бойынша хаттама толтырылып, 20200 теңге айыппұл салынып толығымен өндірілді және табиғатқа келтірілген залалы 81435 теңге өндірілді.
Қазіргі таңда жалаңаш қалған өлкелерден құмдар көшіп, аңдары басқа жаққа ауып жатыр. Сондықтан жеріміздегі киелі сексеуіл ағашын, табиғатымыздың байлығы мен аң-құстарын қорғап өсіріп молайтуға тек орман шаруашылығы қызметкерлері емес барлық жерлестеріміз үлес қосса дейміз.

Нұрлан АРАЛБАЕВ,
«Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің орман шебері
11 сәуір 2021 ж. 752 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031