» » Табиғат жанашырлары марапатталды

Табиғат жанашырлары марапатталды

"Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Орманшылар мерекесіне орай марапаттау рәсімі өтті. Әлемде болып жатқан індетке байланысты үлкен жиындарға жасалған шектеу қатаң сақталып, шара шағын түрде ұйымдастырылды. Жылдағы дәстүр бойынша биыл орманшылар мерекесі көтеріңкі күйде атап өтілмегенімен табиғат жанашырларының еңбегі ескерусіз қалмады.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің «Биоәртүрлікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» II дәрежелі төсбелгісін орманшы Мақсат Байтұрсынов кеудесіне тағынды.
Сонымен қатар, «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің III дәрежелі "Еңбек даңқы" төсбелгісімен орман күзету және қорғау жөніндегі орман патологы инженері Бахытбек Санеев және орман шебері Амангелді Сарыбаев, орман шаруашылығы саласының өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі үшін облыс әкімінің алғыс хатымен Ерболсын Үсенбаев, Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының алғыс хатымен орманшы Рауан Жармаханов марапатталды.
Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі директоры атынан "Үздік орманшылар" алғыс хатымен орманшы Қанат Оразымбетов, Бейбіт Байқуатов, Айбол Ыбыраев, Қанат Каганұлы, Ерболсын Үсенбаев мадақталды.
"Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
30 қазан 2020 ж. 804 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10349)

22 қазан 2024 ж.

№83 (10348)

19 қазан 2024 ж.

№82 (10347)

15 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 598

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031