» » Экология және біз

Экология және біз


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет. Қоғамда экологиялық құндылықтарды орнықтыруға үндейтін «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелі түрде өткізіп тұрған жөн» деген жолдауында экологиялық бағыттағы жұмысты жалғастырып, дамыту қажет. Бүгінгі таңда өркениет жолына бет алған әлем елдері қоқысқа қарсы күрестің түрлі амалдарын қарастырып жатыр. Қоршаған ортаны аялау, қорғау әрбір адамның басты міндеті болып табылады. Дегенмен, бірі табиғатты таза ұстап, әр түрлі шараларды ұйымдастырып жатса, бірі өздерінің тұрмыстық жағдайында зиянды кері іс-әрекеттерін көрсетіп жатады. Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.

Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар мәселелерін шешу: қоқыс қалдықтарының аймақтық бағдарламаларын аша отырып, өңделетін, өңделмейтін қоқыс түрлерін ажырата білу үшін арнайы жәшіктер орналастыру. Қоқыс қалдықтарды арнайы жәшіктерге бөліп, тазарта білсек, қайта өңделіп шығарылатын заттардың дамуына және табиғатымыздың тазаруына үлкен үлесімізді қосар едік. Экологиялық білімді, экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында №273 орта орта мектебінің Бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы "ECO-ALEM" атты үстел ойынын, қызықты эко-квесттер, «Туған өлкеге қамқорлық» жобасы аясында ағаштар отырғызып, жиі-жиі сенбіліктер ұйымдастырады.Сонымен қатар, «Экология және біз» тақырыбында эссе аудандық байқауында 8 «А» сынып оқушылары Ержанова Айжан және Қайназарова Арайлым қатысып, І, ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды, осы байқаудың облыстық кезеңінен бұл екі қатысушымыз 1 және 2 орындарға ие болды. Осындай шаралар жас ұрпақтың қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға тәрбиелейді деп ойлаймын.
«Жер тойынбай, ел тойынбайды» деген халық нақылын ұран қылып, бәріміз бірге табиғатты қорғау жұмыстарына бірге ат салысайық!

Айдана БАЙТЛЕСОВА
№273 орта мектеп тәлімгері

24 қараша 2020 ж. 928 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930