» » ҚАРМАҚШЫДА #BIRGE #TAZAQAZAQSTAN ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА #BIRGE #TAZAQAZAQSTAN ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ


Бүгін Сырдария жағалауында өткен #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына Қармақшылықтар белсенділікпен қатысты.
Аталмыш акцияға аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы арнайы барып қатысып, аудан тұрғындарын тазалықты сақтауда белсенді болуға шақырды.
Аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы әрбір тұрғын өзінің ауласының тазалығына, тұрғылықты жеріне жанашырлықпен қараса, ауданымыздың көркейіп гүлденуі өзіміздің қолымызда екенін жеткізді. Баршамыздың қоршаған ортаны қорғау, туған өлкеміздің тазалығын сақтау азаматтық парызымыз - деді аудан басшысы.
Бүгінгі тазалық акциясына «Жасыл Ел» сарбаздарымен қатар 100-ге жуық тұрғындар жұмылдырылды. Акция аясында Сырдария жағалуынан 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада #Birge #TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясын ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған.
Алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысы акцияға қолдау білдірді. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Арал ауданында жұмыс сапары барысында Көкарал бөгетінің жанындағы аумақты тазартып, #Birge #TazaQazaqstan акциясының жалғасын аймақтың барлық аудандары мен елдімекендеріне жолдаған болатын.
Аймақ басшысының қоғам тазалығына деген үн қосуын Қармақшылықтар жоғары деңгейде жүзеге асырды. Бүгінгі тазалық шаралары өз кезегінде ауылдық округтерде, алыс елді мекендерде жалғасуда.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
27 шілде 2019 ж. 1 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930