» » Табиғат жанашыры

Табиғат жанашыры

Еліміздің баға жетпес байлығы – көз тартарлық табиғаты, орманы мен жануарлары. Орман-тоғай – Жер-Ананың адамзатқа берген шексіз сыйы. Он сегіз мың ғаламдағы тіршілік атаулының құт мекені – табиғат, соның ішінде орман десек қателеспейміз. Сондықтан табиғатты аялау мен оның қадір-қасиетін сезіну – барша адамзатқа парыз. Елімізде табиғатты қорғау, оның әрбір дүниесіне жанашырлық танытуға, оларды дала өрті мен басқа да апаттан қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғат байлығын орынсыз пайдалануға жол бермеу – басты назарда. Орман шаруашылық мекемелері жоғарыда көрсетілген бағытта жұмыс істеп, көгалды алқаптарын кеңейту мен табиғаттың қорғалуына атсалысуда.
«Аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау» осы бағытта тер төгуде. Мекеме қызметкерлері табиғат үшін еңбектеніп жүрген жандар. Өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын Бақытбек Санеевті атап өтпеуге болмас.
Бақытбек Сәбитұлы орта мектепті аяқтаған соң Қызылорда Агроөнеркәсіптік инженерлер институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 2005 жылдан бастап аталған мекемеде орман күзету және қорғау жөніндегі орман патологы инженері қызметін атқаруда.
Ол бала кезінен гүл өсіру мен ағаш, бау-бақша егуге қызығушылық танытады. Әкесі Сәбит осы саланың ардагері. Сол себепті де орман шаруашылығы Бақытбекке таңсық емес. Әке жолын жалғап, осы мамандықты жанына серік етті. Ол алған білімі мен тәжірибесін ұштастыра білетін маман. Қарапайым әрі кез келген адаммен тіл табыса алады. Жұмыс барысында қызметкерлерді іске жұмылдыруда, талапшыл болса да, өзге уақытта ұжымына жанашыр. Жылдар бойы жасаған еңбегінің арқасында бірқатар марапатқа ие болған.
Қазіргі күнде жары екеуі үш перзент сүйіп отырған үлгілі отбасы. Ұл-қыздары жан-жақты. Қызы қолөнермен айналысса, ұлы таэквондо үйірмесіне қатысады. Орманымызды қорғап, көгалдандыруға атсалысып жүрген Бақытбек секілді атпал азаматымызды әрдайым мақтан тұтамыз.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
22 қазан 2019 ж. 2 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031