» » Су маржаны құтқарылды

Су маржаны құтқарылды

Аймақта шабақтарды қорғау айлығы басталды. Жыл сайын үрдіске айналған бұл шара биыл тағы жалғасын тапты. Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің іс-шара жоспары аясында аймақтағы барлық күріштік алқапқа баратын канал мен күріш атызында қалған шабақтарды құтқару жұмысы жүргізілді.
Күріш алқабындағы ақаба сулардан су маржанын сүзуге Қызылорда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аймақтық инспекциясы, «Қазсушар» мекемесі, балық ша­руашылығымен айналысатын шаруашылық иелері, табиғатты пайдаланушы мамандар тартылды. Олар «Жаңажол» ЖШС-на қарасты «Сексеуіл», «Бидайарық», «Байқожа» каналында қалып қойған шабақтарды шағын аумен сүзіп шығарып, арнайы көлдің суы толтырылған бөшкелерге салып табиғи мекені «Төлеген», «Домалақ» көліне жіберді.
Айта кетерлігі, жаз бойы күрішке жіберілген су мен борықты мекендеген балықтар уылдырықты күріш алқабына шашады екен. «Құтқару шарасын мезгілінде ұйымдастырып, шабақтардың қайтадан кең арнаға түсуіне ықпал жасамасақ, балық қоры азайып кетеді» дейді мамандар.
Өткен жылы күріш каналдарынан 24 мың шабақ алынса, биыл 27 мың шабақ құтқарылыпты. Аталмыш іс-шара әлі де жалғасын таппақ.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
13 қыркүйек 2019 ж. 1 522 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 351
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728