» » Орман және дала өрттерін болдырмау баршамыздың міндетіміз

Орман және дала өрттерін болдырмау баршамыздың міндетіміз

Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» делінген. Сондықтан өрттен қорғану қоғамның әрбір мүшесінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.
Көктем мезгілінде шаруашылықтар өз жұмыстарына кірісіп егістік алқаптардағы сабан қалдықтарын, су келетін арналардың ішінде өскен қураған қамыстарды өртеу жұмыстары барысында өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау қажет екендігін біледі. Алайда кейбір жерлерде қадағалаусыз қалған оттан өрт оқиғаларының орын алып, өрт іргелес жатқан орманды жерлерге өз зиянын тигізуде. Орман және далалық жерлерде өртті болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият орындап, өрт оқиғларынан сақ болған жөн. Әрбір жеке қожалық, кәсіпорын басшылары немесе жауапты мамандар жұмыстың басы-қасында болып, өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндіруі тиіс. 2021 жылдың өрт қауіпті маусым басталғанға дейін өрт қаупін азайту мақсатында егін егетін кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары, табиғат пайдаланушылар өз аумақтарында өртеу шараларын жүргізу жұмыстары кезінде осы ережелерді сақтай отырып өртенген жерлердегі шоқ қалдықтарын су себу және топырақ шашу арқылы мұқият сөндірулері қажет. Қазіргі таңда «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰҚ» АҚ арқылы қай жерде өрт оқиғасы орын алып жатырғаны жөнінде күнделікті бақыланып, қадағаланып отырады. Сонымен қатар өртеу жұмыстары толық сөндірілмей, бақылаусыз қалып іргелес жатқан орман қоры жерлерін өрт шалған жағдайда ҚР ӘҚБтКодексінің 367-бабына сәйкес:
Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын және шара көрілетінін ескертеміз.
Осы шараларды мұхият орындап, орман және дала өрттерінің болмауын оның алдын алу шараларын қарастырайық. Баршамыз тілсіз жаудан аман болайық, ағайын.

Бақытбек САНЕЕВ,
«Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ» КММ-нің орман күзету және қорғау жөніндегі орман патологы инженері



09 наурыз 2021 ж. 1 038 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728