» » 300-ден аса азамат балық пен аң аулау ережесін бұзған

300-ден аса азамат балық пен аң аулау ережесін бұзған

9 айдың қорытындысында табиғат қорғау Заңнамаларын бұзушылықты анықтауда 516 дерек тіркеліп, 504 хаттама толтырылған. Оның ішінде 92 іс сот органдарына жолданып, 12 іс қылмыстық әрекет белгілері болуына байланысты құқық қорғау органдарына жолданған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысы Ғалымжан Орақбаев мәлімдеді.
- Балық және аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 361 тұлғаға 4337,5 мың теңге айыппұл салынып, оның 96 % өндірілді. Есепті кезеңде облыс көлеміндегі орман мекемелері мен Барсакелместе 27 рет тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысымен кемшіліктерді қалпына келтіруге 18 ұйғарымдар беріліп, 9 рет орын алған кемшіліктерді жою туралы Ұсыныс келтірілді,- деді инспекциясы басшысы.
Басқарма басшысы аңшылық алқаптарды пайдаланушылардың аңшылық шаруашылығын дамыту жоспарын және келісім-шарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты ескертпе хаттардың берілгенін, сот шешімдерімен 3 аңшылық алқаптары, балық шаруашылығын дамыту жоспарындағы міндеттемелерін ішінара орындамаған 4 су айдынын қайтарылып алынғанын нақтылап берді.
24 қазан 2019 ж. 1 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930