» » Балық аулау мен аңшылық кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Балық аулау мен аңшылық кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Шағын көлемді кемелермен балық аулау және аңшылық кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы тұрғындарға арналған жаднама
  • Балық аулау және аңшылық белсенді демалыстың керемет түрі болып табылады, алайда қауіпсіздік ережесін сақтамаса, ол қауіпті болуы мүмкін.
  • 2017 жылғы 8 айда республика бойынша балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу себебінен 47 адам және шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде 10 адам суға батып кетті.
  • Балық аулау және шағын көлемді кемелермен аңшылық кезінде қайыққа отыру алдында қайықты мұқият қарап, ескек, ескектің тұтқасы, құтқару шеңбері мен суды құйып алуға арналған қауғаның болуына көз жеткізу қажет.
  • Қайыққа отыруда сақ болу керек, қайықтың ортасынан басып, орындыққа бірқалыпты отыру қажет. Қайықтың бортына отыруға, бір орыннан екінші орынға көшуге, сонымен қатар бір қайықтан екінші қайыққа ауысуға, қайықты шайқауға, шомылуға және қайықтан сүңгуге тыйым салынады. Қайықтағы тұлғалар жеке құтқару құралдарын (құтқару желеті, белбеуше, кеудеше) киіп алулары тиіс.
Шағын көлемді кемелерде жеке құтқару құралдарынсыз отырып, бұзушылық жасаған тұлғаларға ескерту шарасы қолданылады немесе бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл  (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 583 - бабы) салынады. Түнгі мезгілде балық аулауға немесе аңшылыққа тыйым салынады.
Шағын көлемді кемелермен аңшылыққа шыққан кезде және балық аулау кезінде сақтауға тиісті қарапайым ережелер:
  • өзімен бірге дәрі – дәрмек қобдишасы, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің тұрған жерін құлақтандыратын құралы болуы тиіс;
  • балық аулар алдында немесе аңшылықты бастамас бұрын таңдап алынған жерді мұқият қарау керек;
  • спирттік ішімдік және есірткі заттарын пайдалануға тыйым салынады;
  • қайықтың жарамдылығын, оның құтқару желетімен және шеңбермен, белбеумен жабдықталуын тексеру қажет;
  • қайықта шелектің немесе суды құйып алатын кез келген ыдыстың болуы қажет;
  • балық аулау жабдықтары мен аң аулайтын құрал – саймандарды қайықтың бортына жағалай, заттарды (киім, сөмке, чемодан) қайықтың тұмсығына, артқы жағына және орындық астына орналастыру қажет;
Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөмірі бойынша құтқару қызметіне хабарласыңыз.

                                         Қармақшы ауданы Төтенше
                                                  жағдайлар бөлімінің аға инженері
                                                               азаматтық қорғау аға лейтенанты
                              Еламан Ешмағанбетов
26 қыркүйек 2018 ж. 2 713 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031