» » Сыр өңірінде 42 заңсыз балық аулау дерегі тіркелді

Сыр өңірінде 42 заңсыз балық аулау дерегі тіркелді

Сыр өңірінде сәуірден бастап маусым айының алғашқы 10 күндігіне дейін балықтың уылдырық шашатын мезгілі. Сондықтан бұл кезеңде су айдындары ерекше қорғауға алынатыны анық. Алайда қоршаған ортаның саулығын емес, жеке бастың қамын ойлайтындар заңды белшеден басып жүр. Мамандар осы уақыт аралығында 42 заңсыз балық аулау дерегін тіркеп отыр. Браконьерлермен күрес қалай жүруде? Қаскөйлерден айла артылған ба, түн жамылып Арал теңізінің солтүстік бөлігінен су маржандарын сүзіп жүр. Уылдырық шашатын кезеңде балық ауламақ тұрмақ, су көліктерінің қозғалысына да тыйым салынатыны белгілі. Дегенмен қанжығасын майлау үшін олар беймезгіл уақытты таңдайды екен. Су маржанының табиғи көбеюіне барынша жағдай жасау үшін Арал инспекциясының мамандары тәулік бойы теңіздің басынан табылады. Тыйым салған уақытта рұқсат етілмеген аумақтан ұсталғандарға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал табиғатқа келтірген зияны бөлек есептеледі. Бірақ ескертуді елеп жатқандар аз. Браконьер: - Ескертіп жатыр. Өзіміз үйге бірдеңе аламыз ба деген ой ғой. Екі аумен шыққанбыз. Екі ғана ауымыз бар, басқа жоқ. Көп балық жоқ, дауылдан көз ашпайсың. Бұйырғанын аласың да қайтасың. Осы оңай жолы жұмыстың. Оңай пайданы ойлағандар алыстан келмейді екен. Барлығы дерлік теңізге жақын елді мекендердің тұрғындары. Теңіздегі тіршілік түнде қызады екен. Табиғат қорғаушылар айналдырған екі сағаттың ішінде 10 заңсыз балық аулаушыны қолға түсірді. Олардың барлығы да олжасыз емес. Қазірдің өзінде 100 келіден астам балық тәркіленіп алынды. Құрыққа ілінбей құтылып кеткендері де бар. Браконьерлер тізгіндеген қайықтардың жылдамдығы 100 аттың күшінен де асып түсіп жатады. Жүрісінен тұрысы көп ескі техникалар балық қорғаушыларды тығырыққа тіреп тұр. Қанша жамап-жасқағанымен, бірер күннен кейін қайта істен шығады. Есенбай Есіркепов, облыстық орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы: - Ойымыз техниканы көбейтсе дейміз. Оның үстіне біздің теңізге лайықты қайықтар болса. Мына мініп тұрған өзен кемесі ашық теңізде жүруге келмейді. Спорттық қайығымыз да келе бермейді. Сондықтан браконьерлерден қалып барамыз. Арал инспекциясы өткен жылы балық аулау қағидасын бұзған 384 деректі тіркесе, биылғы 5 айда бұл көрсеткіш 178-ге жеткен. «Заңсыз балық аулаушыларды анықтап, алдын алу шараларының күшеюі нәтижелі жұмысқа арқау болып отыр», – дейді мамандар.

11 маусым 2018 ж. 1 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031