» » Балғын етті ұсынған Абзал

Балғын етті ұсынған Абзал

Жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіретін бір-ақ нәрсе бар. Ол – ет. Біздің дастарқанды етсіз елестету әсте мүмкін емес. Қалтасы томпайғанда жүгіріп барып ет дүкеніне бас сұғады талайы. Осындайда сапалы қызметін көрсетіп, балғын етті тұтынушыға ұсынатындардың бірі – Абзал Жаңғабылов.
Базар жақтағы «Бекетай-ет» дүкені қазір тұрғындар үйренісіп, ойланбастан саудаласатын жерге айналған. Ал кәсіпкердің айтуынша, көкжиегінің кеңеюіне әкесінің көп септігі тиіпті.

– Жастайымнан кәсіптің осы түріне бейім өстім. Әкемнің қасында жүріп біраз дүниелерді үйрендім. Қолғабыс болдым. Солай жүре кәсіптің қыр-сырын меңгердім. Одан соң өз қаражатыма дүкен ашып, қазір дөңгелетіп отырмыз. 11 жылдың жүзі болып қалыпты. Алла қаласа алдағы күндері дүкенге толықтай өзгерту енгіземіз. Жаңа технологияға сай құрал-саймандарын алып, сәулеттендіреміз. Тоқарамен жұмыс, етті талдап сату секілді біраз дүниені қолға алмақпыз, – дейді Абзал Өмірбекұлы.

Жеке кәсіпкердің бір күні таңмен таласа оянып «Бекетай-2» мал сою алаңында басталады. Бұл жақ жаңа технологиямен жабдықталған. 6-дан 8.00-ге дейін мал сою процесі аяқталып, ет 9.00-де зертханадан өтеді. Содан соң барып дүкен сөресіне қойылады. Күнделікті күйбең тіршіліктен кешкі 19.00-дің қалай болғанын аңғармай қалатын кездері де болады. Қайырымдылық жасап, түрлі акция ұйымдастырып оты-рады. Мәселен, Құрбан айт кезінде сойылатын малды тегін сойып, жіліктеп береді. Бұл жұма күндері де ұйымдастырылады. Қарапайым тұрғындар үшін де жеңілдік қарастырылған. Егер 10 келіден асатын ет алса алған еттің бағасын түсіріп беру бар.

– Карантин болмай тұрып мейрамханалардан тапсырыс көп түсетін. Ондайда біз де етті түсіріп беріп, барынша ыңғайлы қызмет
көрсететінбіз. Алдағы уақытта тағы акциялар ұйымдастыру ойымызда бар. Айтпақшы, осы дүкен жанында тұрған нысанды өз қаражатымызға сатып алдық. Енді көктемге қарай көтерме бағамен азық-түлік дүкенін ашпақпыз, – дейді кәсіпкер.
Қазір ол 3 адамды тұрақты, 2 адамды қосымша жұмыспен қамтып отыр. Егер азық-түлік дүкені шымылдығын ашса, тағы бірнеше адам жұмыспен қамтылмақ. 35 жастағы кәсіпкер түйе аналығын алып, оны игеруді де мақсат тұтыпты. Алайда «бұл уақыт еншісінде» дейді өзі сөз арасында.

«Ет дәмділігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім», «Ет жегеннің бәрі қонақ» деп әспеттеп етке ерекше мән берген қазақпыз ғой. Қазір, қыс ауасы – соғымның кезі. Сол соғымды алмасақ, көңіліміздің көншімейтіні бар. Қазақ етсіз тұра алмайды. Ал сондай қайнаған ортада жүрген тәжірибелі ет сатушы Абзал Өмірбекұлы біраз жанға үлгі болмақ.

Айнұр ӘЛИ


23 қаңтар 2021 ж. 862 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031