» » Қимылдаған қыр асады

Қимылдаған қыр асады

Пандемияның алып келген өзгерісі көп. Соған барынша бейімделіп жатқандардың бірі – "Малике ана" мейрамханасының иелері. Кәсібін қайта бейімдеген олар бүгінде наубайхана ашқан.


Жаңа кәсіптің жұмысы күздің алғашқы айынан басталды. Қармақшының біраз дүкеніне нан өнімдерін тарататын кәсіпкер 3 адамды жұмыспен қамтуда. Мейрамхананың жұмысы тоқтаған соң жұмыссыз қалған қыз меткерлеріне наубайханадан жұмыс көзін ұсынып отыр. Олар таңертеңгі сағат 10.00 мен кешкі 22.00 аралығында жұмыс істейді. Наубайханада негізінен нан өнімдері, тәтті тоқаш пен кекстің түр-түрі дайындалады.

– Мейрамхана ісі карантин талаптарына байланысты тоқтап қалды. Ал біздің басты табыс көзіміз сол еді. Әлемді жаулап алған пандемияны жеңу әзірге мүмкін болмай тұр. Десе де тоқтап қалмай, тірлік етуіміз керек. Сол үшін біз де кәсібімізді өзгертіп, жаңаша іспен айналысуды жөн көрдік. Бүгінде балалар ойын орталығы мен осы наубайхана қызмет көрсетіп отыр. Қазір тынымсыз еңбек етіп, аудан тұрғындарын нан өнімдерімен қамтамасыз етуге жұмыс істеудеміз, – дейді Жанар Бұқпанова.

Иә, бұл наубайхананың өнімдеріне аудан тұрғындары тарапынан сұраныс та аз емес. Күн сайын жүздеген нанды дүкен сөрелеріне жеткізіп, сатылымға ұсынуда. Алайда наубайхана әзірге бір ғана пешпен жұмыс істеп тұр. Тұтынушылар қатары күн санап көбейіп жатқандықтан, алдағы уақытта бірнеше арнайы жабдық сатып алмақшы.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ
27 қазан 2020 ж. 851 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930