» » Табысын тағамнан тапты

Табысын тағамнан тапты

Фаст-фуд – әлемдегі ең танымал тамақтың түрі. Әр елдің өзінің фаст-фуды бар. Мысалы Италияда пицца, Японияда суши, Шығыс елдерінде донер. Мұндай тағамдар үлкен қалаларда көбірек сұранысқа ие. Себебі ондай жердің тұрғындарының жұмысы қауырт, ал уақыты аз болады. Сол себептен олар тез даярланатын тағамды тұтынғанды жөн көреді. Біздің ауданда да мұндай тағамды дайындайтындар бар. Соның бірі – жас кәсіпкер Айбек Батаев.


Кейіпкеріміз қазіргі таңда донер сатуды кәсібіне айналдырып отыр. Шығу тегі шығыс елдеріне тән тағамды даярлатып, сату арқылы өз бизнесін жүргізу оның ойына қалада жүрген кезде келген. Бұған дейін қарапайым құрылысшы болып жұмыс істеген аталған фаст-фудтың дәмін көріп, ауданда бастауды жөн көрген.
– Мен бастамас бұрын бізде бұл кәсіппен айналысушылар болды. Десе де әркімнің өз тұтынушысы болады. Сол үшін мен де өзімнің ісімді қолға алдым. Ең алғаш ашылған кезде тұтынушылар саны аз болды. Қазір өзімнің тұрақты сатып алушыларым бар. Күніне шамамен 30-40 данасы сатылады, – дейді Айбек Батаев.

Бүгінде кәсібі дөңгеленген азаматтың екі аспазы бар. Енді солар тәтті тағамды даярлап, тұрғындарға ұсынуда. Олар донермен қоса, тауық етін дайындайды, сондай-ақ үйге жеткізу арқылы жұмыс істейді.
– Бастысы – сапаға қатты көңіл бөлеміз. Әр дайындаған сайын тағамға салынатын өнімдердің мөлшерінің бірдей болуын қадағалаймыз. Себебі халыққа ұсынып отырғандықтан өнім олардың көңілінен шығуы керек. Фаст-фуд болғандықтан тез дайындалады, бірақ бұл тағамның сапасына ешқандай әсер етпеуі керек, – дейді жас кәсіпкер.
Иә, дәмді тағамның қай кезде де тұтынушылары табылатыны сөзсіз. Десе де тұрақты сатып алушыны ұстап қалу, күн сайынғы сатылатын өнім санын көбейту оңай жұмыс емес. Алайда «кім тәуекел етпейді, сол мақсатына жетпейді» деген бар. Айбек те сол тәуекел ету арқылы өз кәсібін тапқан азамат. Соның нәтижесінде табыс тауып, өзге жанға жұмыс көзін ашты. Алдағы уақытта еңбекқор жастың кәсібі кеңейіп, жаңа жұмыс орыны көбейе түсеріне сенім мол.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ
22 тамыз 2020 ж. 922 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 067

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031