» » Күніне – 200 тандыр

Күніне – 200 тандыр

Бос жатқанды көтермейтін қазіргі нарықта екі қолға бір күрек тапқандар бар. Олар қолынан келген кәсібін ашып, оны одан әрі дөңгелете әкетуді көздейді. Соның жолында жатпай, тынбай еңбек етеді. Ал жемісін көргенде еңбектің наны тәтті екенін жанмен түсінеді.
Солардың бірі – Мурсаловтар отбасы. Олар «Нан бар жерде ән бар» деген көңілді сарынмен күніне 120-200-ге жуық тандыр нан пісіреді. Піскен нан ІІІ Интернационал ауылына, аудан орталығына жөнелтіледі.
– Мына пеш «тандыр» деп аталады. Мұны арнайы Тәшкеннен алдырдық. Ішіне бір салғанда 60 дана нан сиып кетеді. Бизнес жоспарымызды дайындап қойдық. Алла қаласа «Еңбек» бағдарламасы арқылы несие алып, кәсібімізді кеңейтпекпіз. Қаражат қолға тисе қосымша пеш алып, күніне пісіретін тандыр нанның санын ұлғайтамыз, – дейді отағасы Ислам Мұхтасұлы.
Әр күн пісіретін тандыр нанға 1 қап ұн кетеді екен. Ислам қызып тұрған пешке нан пісірсе, зайыбы Наргиз қамырын әзірлеп, тәттілеуге барын салады.
– Қосымша пештер алынса тоқаш, түрік нанын пісіруді жоспарлаудамыз. Тұрғындарды тәтті нанмен қамтамасыз ету үшін барымызды саламыз. Иә, бос жатуға болмайды. Еңбектену керек. Іздену қажет. Қазіргі заман да соны талап етеді. Бар күш-жігерімізді жинап, осы кәсіпті қолға алып келеміз. Алда барлық жоспар мен арманымыз орындалса екен деп ниет етеміз. Соған талпынамыз, – дейді Наргиз Камбарова.
«Қалауын тапса – қар жанады». Кәсіптің көзін тапқан жас отбасы мұнымен тоқтап қалмақ емес. «Бір, екі немесе үш күн шаршарсың. Алайда, өзіңе жұмыс істеп шаршағанға не жетсін? Алла қарекет қылғанға береді» дейді олар тағы да.
Айнұр ӘЛИ
25 тамыз 2020 ж. 1 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930