Құрылтай
» » Күніне 500 бетперде

Күніне 500 бетперде

Бүкіл әлемді шарпыған індет бізді де айналып өтпеді. Ауданнан "аты жаман" індеттің құрығына ілінген 2 адам тіркелді. Енді сақтықты күшейтпеске болмайды. Сыртқа міндетті түрде бетпердемен шығу қажет. Барлық тұрғынға бірдей бетперде жеткілікті ме? Дәріханаға келген тауар түскен-түскеніндей өтіп кетуде. Сұранысты қанағаттандыру үшін тігіншілер қызу тірлікке кіріскен.
Солардың бірі – Қайрат Мұсабеков. Ол 2019 жылдың шілдесінде кәсіпкер болып тіркеліп, тігін цехын ашу үшін "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде 1,5 млн теңге несие алды. Ерлер сырт киімі мен шалбар, сөмке тігуді қолға алған кәсіпкер өткен жылы облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған "Өзіңе сене баста" көрме-конкурсына қатысып, бас жүлде мен 1 млн теңге жеңіп алды.
Қайрат Мектепбайұлы дәл осы қысыл таяң тұста демалыссыз, үзіліссіз күніне 500 дана бетперде тігіп, дәріханалға өткізуде. Өзінен бұрын өзгенің саулығы үшін тынбай тірлік етіп жатқан тігіншіге жұртшылық алғысын жаудыруда.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
04 сәуір 2020 ж. 1 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 445
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 949

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031