» » Қармақшылық кәсіпкер жеңімпаз атанды

Қармақшылық кәсіпкер жеңімпаз атанды

ЖОСАЛЫ, 25 қазан - qarmaqshy-tany.kz ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР «ӨЗІҢЕ СЕНЕ БАСТА!» ІІ КӨРМЕ-КОНКУРСЫНДА 1 ОРЫН ИЕЛЕНДІ, ДЕП ЖАЗАДЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында өткізілген «Өзіңе сене баста!» атты ІІ көрме-конкурсында Қармақшы ауданынан қатысқан жеке кәсіпкер Мұсабеков Қайрат Мектепбайұлы «Ерлерге арналған киім тігу» жобасымен 1 орын иеленіп 1 млн. теңге қаржылай сертификатымен марапатталды.
Көрме-конкурсының мақсаты - мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетіп, олардың дамуына үлесін қосу.
Жерлесіміз Қайрат Мектепбайұлы 2005 жылдан бастап үйден тігін тігумен айналысып келген 2-ші топ мүгедегі.
2019 жылдан бастап, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,5 млн теңге көлемінде несие алып, тігін цехын жабдықтады.
Қазіргі уақытта, тапсырыстар қабылдап, ерлерге арналған джинсы материалынан киімдер тігіп келеді. Сонымен қатар, сыртқы киімдерді тігумен және қайта өңдеумен айналысады.
Көрме конкурсының нәтижесі бойынша 67 қатысушыға 50 мың теңге көлеміндегі ынталандыру сертификаты беріліп, конкурстың барлық қатысушылары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
25 қазан 2019 ж. 1 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 018
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 245

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031