» » ҚҰШТАРЛЫҚТЫ ҚАНАТ ЕТКЕН КӘСІПКЕР

ҚҰШТАРЛЫҚТЫ ҚАНАТ ЕТКЕН КӘСІПКЕР

Жуырда облыс орталығындағы Кәсіпкерлер үйінде «Өзіңе сене баста» атты мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің өнімдерінен облыстық көрме-байқау өтті. Шараға түрлі кәсіпті дөҢгелетіп отырған 50 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер қатысып, бақ сынасты. Байқауда ағаш, сурет, тоқыма мен көптеген басқа да өнімдерден көрме ұйымдастырылды.
Айтулы шараға ауданнан 6 кәсіпкер қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Солардың бірі аудан тұрғыны – Ерлібек Жармаханов. Ол осы көрмеге өз қолымен тігілген балалар мәсісін, қыз-келіншектерге және ер кісілерге үйге киюге арналып, тігілген оюлы тәбішкелерін апарған.
– Етік тігу кәсібімен шұғылданып жүр­ге­німе жеті жылдың жүзі болды. Өзім І топ мүгедегімін. Өз еркіммен отырып, тұруым қиындау. Есік алдында арнайы шағын шеберханам бар. Осы байқауға зайыбымның ой тастауымен қамзолдан тәбішке мен балаларға арналған қатты және жұмсақ терілерден мәсі тігіп апардым. Осы еңбегім еленеді деп ойламадым. 50 адамның ішінен II орынды жеңіп алдым. Жүлде қоры – 700 мың теңге. Әрине, аз ақша емес. Жүлде алғанымды естігеннен кейінгі қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын, – дейді Е.Жармаханов.
Байқау жеңімпаздарын облыстық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер па­ла­тасының мүшелері, «Даму» қоры мен әлеуметтік қорғау ұйымы қыз­меткерлерінен құрылған комиссия анықтаған.
– Жеңіп алған ақшаға өздігінен табан кесіп беретін заманауи құрылғы алғым келеді. Шикізатты әдетте Шымкенттен алдыртамын. Қазіргі табысым да жаман емес. Бір отбасын асырауға жетеді. Күніне кем дегенде 8-9 адам келеді. Оған да шүкір, – дейді кәсіпкер.
Ерлібек Жармаханов 6 ұл, 2 келін, 3 немере тәрбиелеп отырған ардақты әке, аяулы ата. Бұл кісіге тек кәсібінің нәсібін көрсін дейміз.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ
30 тамыз 2018 ж. 1 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930