» » Жаппай кәсіп­керлік­ті қолдау жылы

Жаппай кәсіп­керлік­ті қолдау жылы

Қызылордада облыс әкім­дігі мен Кәсіпкерлер палатасының ұйым­дастырумен «Қазақстанның үздік тауары – 2018» облыстық көрме-бай­қауы өтті. Бір қуанышты жайт, отан­дық тауар өндірушілер қата­ры­ның жыл сайын өсіп келе жат­қа­ны байқалады. Мәселен, 2016 жылы көрмеге 17 кәсіпкер ғана тауарын қойса, өткен жылы олар­дың қатары 22-ге жеткен. Биыл 34 кәсіпкер қатысты.
Облыс әкімі Қырымбек Кө­шер­­баев­ 2018 жылды «Жаппай кәсіп­керлік­ті қолдау жылы» деп жария­лағаны бел­гілі.
«Халыққа арналған үздік тауар­лар» аталымы бойынша үз­дік деп танылған «DALATEX» ЖШС айына 11 мың дана ерлер жей­десін тігеді. Кәсіпорында 40 адам жұмыс істейді. Осы аталымдағы тағы бір жеңімпаз «Нариман» жеке кәсіпкерлігі Шиелі ауданы, Бестам ауылдық округінде орналасқан. Музыкалық құралдар әзірлейтін кәсіпкер ай сайын 20 музыкалық құрал-жабдық жасайды. 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қызылорда қаласындағы «Сұлтан Сүйрік» ЖШС тоқыма өнімдерін шығаратын серіктестік жылына 10 мыңнан астам тұты­ну­шыға қызмет көрсетеді. «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Аралтұз» АҚ жеңім­паз деп танылды. Арал ауданы­ның Жақсықылыш кентінде орна­ласқан кәсіпорын жыл сайын 500 мың тоннадан астам тұз өндіреді, серіктестікте 1213 адам еңбек етеді. «СПК Қызылорда балық» ЖШС 2012 жылы құрыл­ған. Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде орналасқан компания балық өнімдерін шығарады. Жы­лына 1260 тонна балық өнім­дерін өңдейтін зауытта 50 адам жұмыспен қамтылған. Ал «AB INVEST GROUP» ЖШС сафлор майын өндіреді. Кәсіпорын 7 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Шара соңында «Қазақстан­ның үз­дік тауары – 2018» облыс­тық көрме-байқауына өнімде­рін әкеліп, белсенді қатыс­қан кәсіпкерлерді Кәсіпкер­лер пала­тасының директоры Ғалымбек Жақ­сылықов алғыс хаттармен марапаттады. Облыстық көр­ме-байқау жеңімпаздары осы жыл­дың қазан айында Астана қала­сында өтетін республикалық көр­ме-байқауға қатысады.
16 тамыз 2018 ж. 1 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 103
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 752

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031