» » Тігін цехындағы тынымды тірлік

Тігін цехындағы тынымды тірлік

ЖОСАЛЫ, 11 желтоқсан – qarmaqshy-tany.kz Бүгінгі күні елімізде жеңіл өнеркәсіп саласы еңсесін тіктей бастады. Қазіргі таңда киім-кешек тігу ісінде шағын кәсіпкерліктің орны ерекше екені баршамызға белгілі. Ауданымызда сондай шағын кәсіпкерліктің дамуына жол ашып, кәсібін дөңгелетіп жүрген жандардың бірі - Қайрат Мектепбайұлы, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.


Үстіміздегі жылдан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің қызметкерлерінің қолдауымен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,5 млн теңге көлемінде несие алып, тігін цехын жабдықтады. Цехында 5 тігін машинасы жұмыс жасап тұр.
Қазіргі уақытта джинсы материалынан ерлер мен балаларға арналған жылы сыртқы киімдер тігеді және қайта өңдеумен айналысады.
Қазан айында «Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылдары» аясында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Өзіңе сене баста» мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіпкерлер форумында көрмеге қатысып, комиссия мүшелерінің қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленді.
Сонымен бірге облыс әкімінің 1 млн теңге көлеміндегі грантты және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
11 желтоқсан 2019 ж. 1 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031