» » Ине иірімінің икемін тапқан жан

Ине иірімінің икемін тапқан жан

Бұл күндері екі қолға бір күрек таба алмай сенделіп жүрген жандар қатары аз емес. Қол-аяғы балғадай, тепсе – темір үзетін азаматтарымыз бен он саусағынан бал тамған сылқымдарымыз нәпақа табар жер таппай жүр. Әр кеңсенің табалдырығын тоздырып, жұмысқа бас ауыртушылар көп кездеседі қоғамда. Міне, осы жандардың бәріне үлгі боларлықтай іс істеп жүрген жан – Қайрат Мектепбайұлы.
Бейбіт күннің батыры басына түскен қиындығына қарамастан еңбек етіп, өз кәсібін ашқан. Тағдырдың салған тәлкегіне мойымаған ағамыз ешкімге алақанын созбай, тіршілік етуде. Жас кезінде үйренген өнерін қазіргі таңда еңбек көзіне айналдырған. Иненің иірімін еркіне бағындырған шеберіміз үйінің жанындағы шеберханасында сыртқы киімнің сан-алуан түрін тігеді. Сапасы шетелдің брендтік киімінен асып түспесе, кем болмайтын киім үлгісіне қазірдің өзінде сұраныс аз емес.
– Құжаттар түгел реттелген соң, киім-үлгісінің санын көбейтіп, саудаға шығармақпын. Алдағы уақытта шаруашылығымды ширатып, жаныма жас тігіншілер аламын. Бүл күннің өзінде жаңадан үйреніп жүргендер бар, – дейді аудан кәсіпкері Қайрат Мұсабеков.
Кейіпкеріміз жақында Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында өткізілген «Өзіңе сене баста!» атты ІІ көрме-конкурсында аудан атынан қатысып, 1 орын мен 1 млн теңге көлеміндегі сертификаттың иесі атанды. «Ерлерге арналған киім тігу» жобасын тиек етіп қатысқан шарада оқ бойы озық шыққан кәсіпкердің өнеріне тамсанған жан көп болды.
2005 жылы үйден киім тігумен айналысып бастаған 2 топтағы мүгедек ағамыз ағымдағы жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасымен 1,5 млн теңгеге несие алған. Соның нәтижесінде бұл күні тігін цехын толықтай қажетті машинамен жабдықтаған.
Елімізде көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созуға дайындар қатары күн санап артуда. Мемлекет тарапынан ерекше жандарға көмек көрсетіліп, қолдау білдірілуде. Халық пен биліктің арасындағы тікелей көпірге айналған «Nur Otan» партиясы да мұқтаж жандарға әр кезде де көмек қолын созуда. Партия мүшелері қажетті құжатты толықтыру, әлеуметтік көмек пен жәрдемақы алу мәселесін шешуде орасан зор қолдау білдіруде.
Алдағы уақытта Қайрат Мектепбайұлының кәсібінің нәсібін көретін күнге жетпек. Берекесі мол іс әрқашан да оң нәтижесін бермек.
Аслан Нұразғали
04 қараша 2019 ж. 943 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031