» » ТОҚЫМА БҰЙЫМДАРЫ СӘНДЕ

ТОҚЫМА БҰЙЫМДАРЫ СӘНДЕ


Қолөнердің бүгінде сәнге айналып келе жатқанын білесіз бе? Иә, қолдан жасалатын бұйымға сұраныс жоғары. Базардағы көшірме дүниеден гөрі арнайы талғаммен жасалатын заттар сәнге айналып келеді. Ғаламторға кіріп «handmade» деп іздеу тетікшесін шертіп кеп қалсаңыз болғаны. Түрлі көз жауын алатын бұйымнан шыға алмай қаласыз. Біз де Инстаграм желісіне кіріп қолөнер бұйымдарын саралап көріп едік. Ішінен ертеден келе жатқан сәннен қалмайтын тоқыма бұйымдарына тоқталғанды жөн көрдік.
Қазір әлеуметтік желіде «хэштег» деген жақсы дүние бар. Өзіңізге қажет нәрсені бір ғана сөзбен жазып оңай тауып алуға болады. Тоқыма хештегімен іздеп көрсек 3000-нан аса суреті шықты. Оның ішінде кішкентай баланың бас киімі, кеудеше, шұлықтар бар. Ішінде ерекше көзге түскен ақтаулық Санагүл Омарованың парақшасы. Себебі ол кішкентай қыздарға арнап түрлі аяқ киім тігеді. Тоқылған спорттық кедыйді де осы жанның парақшасынан табуға болады.
Бір қызығы тоқымамен айналысатын жандардың дені Алматы, Астана, Ақтау, Жаңаөзен, Өскемен қалаларынан. Мұны көбі хобби деп қараса керек. Үй шаруасында немесе декреттік демалыста қарап отырмай, бос уақытында тоқымамен айналысатын жандар көп-ақ. Олар сұраныс болса, түрліше етіп тапсырыс та қабылдайды. Өзімізге оралайықшы, тоқымамен айналысатын жандар бізде де бар.
– Балалар аяқ киімі мен түрлі шұлық пен следи тоқимын. Арнайы тапсырыспен де жасаймын. Ересектердікін 1000 теңгеден, ал кішкентайлардікін 800 теңгеден сатамын, – дейді Гүлмира Төтебаева.
Ал енді сәнге айналған тоқыма түрлеріне тоқталсақ. Бірінші орында балалар комбинезоны тұр. Бір қызығы, аналар мұны қай қалада болмасын арнайы тапсырыспен алдырады екен. Бұл балаға жылы әрі сәнді. Екінші орында әйелдер сөмкесі. Иә, қыз-келіншектердің әр маусымда ұстайтын және әр киіммен үйлесетін сөмкесі болады. Ал тоқыма сөмкенің күнделікті және мерекелік кештерге арналған түрі де бар. Үшінші орынға әйелдер тюрбаны жайғасты. Соңғы уақытта қыз-келіншектер басына тағатын тюрбан орамалы ерекше сәнде. Мұның тоқыма түріне де сұраныс көп. Тіпті анасы мен қызы бірдей тағып жүретіндер де бар. Төртінші топқа тоқылған бас киімді жатқыздық. Тек бас киім ғана емес мойыншалғы мен қолғабы. Осы жиынтыққа қыс мезгілінде сұраныс көп болады-мыс.
Түйін:
Біздің түсінігімізде тек әжелер ғана тоқыма тоқиды деген ұғым қалыптасқан ғой. Олай емес, қазір тоқыманың түр-түрін тоқиды жастар. Ғаламторды ашып «қолғапты қалай тоқиды?» деп іздесеңіз сізге тіпті қалай жасалуын көрсететін бейне жазбасын да шығарып береді. Нәзікжандылардың бірі мұны хоббиім десе, енді бірі табыс әкелетін жұмыс ретінде қарайды.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».


18 сәуір 2019 ж. 3 754 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031