» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА


Аймақ басшысы Қ.Көшербаевтың қатысуымен болған жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылының қорытындысы бойынша өткен кеңесте шағын және орта бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін және кәсібін жаңадан бастаған үздік кәсіпкерлер марапатталып, оларға 1 млн.теңгеден сыйақы берілген болатын.
Қармақшы ауданы бойынша «Үздік бастаушы кәсіпкер» байқауының жеңімпазы болып «Іңкәр» шаруа қожалығының төрағасы Нұрғали Қасымхан Айғалиұлы марапатталды.
Аталған шаруашылық өткен жылы құрылып, қазіргі таңда ет бағытындағы мал, құс өсірумен айналысуда. Көлемі 500 гектар жер және көлі бар қожалық 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы қой өсіруге 7,0 млн теңге несие алып, 232 бас қой өсіруде.
Сондай ақ, жыл қорытындысы бойынша кәсіпкерліктің дамуына үлес қосқан "Үздік ауыл әкімі" марапатын Жаңажол ауылдық округінің әкімі Қоқанов Әбимүсілім Алпуанұлы иеленді.
Айта кетейік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 2018 жылы жалпы құны 448,6 млн. теңге болатын 161 жоба қаржыландырылды.
Осындай жобалардың жүзеге асырылуы аудандағы шағын кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызды.
Кәсіпкерлік саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3357 болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,5 пайызға артты (2017 жылы 3308 кәсіпкерлік субъекті) Оның ішінде, жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 2561 бірлік, бұл барлық тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 76,3 пайызы.
Жылдық айналымы 2,0 млн теңгеден асқан кәсіпкерлік субъектілердің саны 500 бірлікті құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілердің 19,5 пайызын құрады.
09 ақпан 2019 ж. 1 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031