» » Сортөбеге саяхаттады

Сортөбеге саяхаттады

ЖОСАЛЫ, 31 қазан - qarmaqshy-tany.kz Аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі  Ләззат Мусаева, кабинет мамандары және аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен түзете-дамыту сабағын алатын балалар мен ата-аналары "Сортөбе қалашығына" экскурсия жасады.  Сыр өңірінде адамды тарих жетегіне жетелейтін ежелгі қалалар мен көне қоныстар баршылық. Солардың бірі - Қармақшы ауданында орналасқан Сортөбе қалашығы. Бұл жерден әртүрлі құмыра сынығы, нан жабуға арналған тандыр пештер, мал сүйектері мен мыстан жасалған басқа да заттар табылған. Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Сортөбе қалашығының тарихымен таныстырды. Түзете-дамыту сабағын алатын балалар мен ата-аналар Сортөбе қалашығының тарихи жәдігерлерінің түрлерімен танысып, қалашықта жүріп жатқан қазба жұмыстарының куәсі болды.



31 қазан 2019 ж. 1 770 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 162
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 360

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031