» » Қолдан келсе, кәсіп қыл

Қолдан келсе, кәсіп қыл

«Ақжардағы Айнұр»... Иә, іргелес елді мекендегілер түрлі тәтті пісіретін жас келіншекті осылай атайды. Айтпауға негіз де жоқ емес. Қазір анда-санда бір келетін айтулы мерекеде бағасы қымбат болса да дәмі тіл үйірер «вупи пай» мен «қызыл бархатты» дастарқан төріне қоятындар қатары көбейді. Бұрын мұндай тортты алу үшін қалаға бару қажет-тін. Ауыл тұрғыны Айнұр Досмағұлованың өнімдері қаладағы кондитерлерден асып түспесе, кем емес.
Алғашында қолда бар жұмыртқа мен қантты араластырып, қатық қосып, даланың «мылқау пешіне» пирог пісіретін Айнұр бертін келе бұл бейімін дағдыға айналдырды. Дағдысы діттегеніне жетуге дем берді. 2012 жылдан бері жақын-жуығы мен ағайынға тапсырыспен тәтті пісіретін ол 2018 жылы мемлекеттен 600 мың теңге қайтарымсыз несие алып, кәсібін бастады. Қазір сіздің талғамыңыздағы сан түрлі тортты тиімді бағаға, тез әрі тәтті етіп даярлап береді. Тапсырысының көптігін білетін ауылдастары туған күн мен кештерге торт қажет болса 2-3 күн бұрын тіздіртіп қояды. Шағын ғана ауылда алғашында күніне 4-5 тортқа  тапсырыс алса, қазір 10-15-ке дейін, мереке мен жаңа жылда 40-қа жуығын пісіреді. Қимылы ширақ пысық келіншек 5 баланың анасы. Бірер ай бұрын «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында кондитерлік цех ашу үшін 2 млн теңге несие алыпты.
– Несие алып, кәсібімді кеңейтуге дайындық бастағанмын. Карантиндік режимге байланысты біраз жоспарым әзірге тоқтап тұр. Қиын сәтте табыссыз қалған бізді мемлекет қамқорынсыз қалдырған жоқ. 42500 теңге жәрдемақы алдым. Жолдасым шаруашылықта механизатор. Науқандық жұмыс аяқталғанда осы тәттілерден түскен табыс отбасымызды асырауға жетеді. Кәсібіме табыс әкелетін хобби ретінде қараймын. Табыс әкелу үшін, істеп жатқан жұмыс ұнау қажет. Барлық жан-дүниемді салып, бар махаббатыммен жасаймын және одан шаршамаймын. Кейде дұрыс шықпай қалса да ары қарай жүруге тырысамын. Жалпы адам айналысқан ісін сүйсе, жақсы көрсе, табыс та келеді, – дейді Айнұр.
Айнұрдың бір өзі-ақ ауылдық округтегі тойхананың тапсырысын толық қамтамасыз етіп отыр. Оның қолдан келген кәсіпті дөңгелетуі қай уақытта да ерінбей еңбек еткеннің көйлегі көк, көңілі тоқ болатынын дәлелдейтіндей.
                                                                                                                                                     Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
02 маусым 2020 ж. 1 367 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 221

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930