НАН ИІСІ

ІІІ Интернационал ауылында заманауи техникамен жабдықталған наубайхана ашылып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсете бастады. Жеке кәсіпкер Луиза Тұрсынованың айтуынша, наубайхана жұмысын әлі де ілгерілету керек. Ол көп ұзамай арманының орындалып, ауыл халқының игілігі жолында еселі еңбек ететінін қуанышпен жеткізді.
  • Бұл біраздан бері ойда жүрген іс еді. Шағын кәсіп ашсам деген арманым болды. Мемлекеттік бағдарлама арқылы құжаттарды әзірлеп, бүгін міне өздеріңіз көріп отырғандай іске кірістік. Қазір мұнда тапсырысқа сай тәулігіне 200 көмеш нан пісіреміз. Сонымен бірге тәтті бәліш, түріктің қырыққабаты мен түрлі кондитерлік өнімге де тапсырыс қабылдаудамыз. Алдағы уақытта тандыр пісіріп сатуды жоспарлап отырмыз, – дейді жеке кәсіпкер.
Наубайханың ашылуында ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі Әсет  Омаров құттықтау сөз алып, кәсіпкерге жылы лебізін білдірді. Тұрғындардың қуанышымен бөліскен ауыл әкімі Әсет Тұрмаханұлы мен ауыл тұрғыны Али Гейдаров наубайхана лентасын қиды.
Луиза  "Микробизнес Қызылорда" бағдарламасы аясында несие алып, кәсібін дөңгелентуде. Нан пісіретін пеш, қамыр илейтін құрал-жабдығы замани үлгіде жабдықталған. Енді наубайханада піскен ыстық нан күнделікті ауылдағы бірнеше дүкенге жеткізілетін болады.

Ақнұр САҒЫНТАЙ.
17 шілде 2019 ж. 970 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031