» » СҰРАНЫС ТУДЫРҒАН КӘСІП

СҰРАНЫС ТУДЫРҒАН КӘСІП

Кәсіпкер болғысы келетін жас көп. Бірақ олардың көпшілігі кәсіпті неден және қалай бастарын білмейді. Дөңгелетіп әкетуге ниеті бар болса, қаражаты жоқ. Қаражаты бардың ынтасы аз.
Назгүл Дәулетшиева 1995 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген. Бала кезінен тәттілер пісіріп машықтанған ол есепші мамандығын алыпты. Әке-анасы Марат пен Жансәуле Бижановтар 1998 жылдан бері кәсіппен айналысып келеді. Соны көріп өскен үш баласы да бизнеске жақын. Шаршадым демейді. Ата-анасына көмектесуге даяр. Одан жаман да болған жоқ. Қандай істі бас­тамасын аяғына жеткізуге дайын. Жеке кәсіппен айналысудың тиімділігіне көздері анық жеткен. Үй жанындағы өз дүкендеріне кондитерлік тәттінің бәрін осы қаршадай қыз пісіретін көрінеді. Ауданда «Бизнес Бастау» курсы бастау алғанда, бір ай сабақ алыпты. Жоба қорғап, қайтарымсыз 1 050 000 теңге грант ұтқан. Ол қаражатқа Абай көшесінің бойынан «Ыстық тандыр нан» дүңгіршегін ашыпты. Мұнда түрлі тәтті тоқаштар мен гамбургер, пицца, самса, бәліштер сатады.
Күніне 200-дей батон, 150 дана тоқаш (булочка), тапсырыспен 7-8 торт, 80 дана кекс, 30-40 данадан самса, 60 пицца, барлығы 500-ден аса ұн өнімін пісіріп отыр. Бір қызығы таңғы 8.00-де ашылған дүңгіршектен кеш батса тіске басар таппаймыз. Қазір қолы қалт етсе әпкесі Назерке көмектеседі. Тұрақты 1 көмекшісі бар. Жұмыстың салмағы өзіне көбірек түседі. Себебі қамыр илеуде де, дайындау әдісінде де басқаныкі дәл өзінікіндей дәмді шықпайды.
Біз әңгімелесуге барғанымызда Назгүлдің түрі шаршаңқы. Жас қыздың барлығын бір өзі пісіреді деп ойламаппыз.
– Түнімен ұйықтамайтын кездерім болады. Қамыр илеймін, қоспаларын даярлаймын. Азанда осы дүңгіршек ішіне келіп пісіреміз. Жаңа пештен алынған тәттілерді мезетінде алып кетеді. 3 ай болды ашқанымызға. Тұрғындар біршама үйреніп қалды. Тоқаштардың дәмін аңсап, алыстан да келетіндер бар. Осы дәмділерді шаймен қосып ішіп, демалып отыратындай орын ашу ойда бар. Кәсіпті кеңейткім келеді. Жастар жылында мемлекеттік бағдарламаның игілігін көрген жастың бірімін. Түскен қаражатты ұқыпты жұмсап, қосымша құралдарды түгендеп жатырмын, – дейді кәсіпкер. 
Бұл Қармақшыда бұрын-соңды болмаған тың кәсіп түрі. Жастар Назгүлдей халыққа қажет кәсіппен айналысса жөн болар еді.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ.
21 мамыр 2019 ж. 1 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031