» » Өңір дамуы - ортақ игілік

Өңір дамуы - ортақ игілік

Қармақшы ауданында 2020 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар

Мұса Қалдарбеков, аудан әкімі:
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биыл­ғы Қазақстан халқына Жолдауында ел өміріндегі түйткілді мәселелердің түрлі шешімдерін нұсқап, ел экономикасын серпінді дамыту бойынша зор міндеттер жүктеп, нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынды. Сондай-ақ еліміздің әрі қарай даму жолының бүгіні мен алдағы болашағын айқындайды.
Президент Жолдауда мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, өнеркәсіп әлеуетін күшейту, ауылшаруашылығы саласын, көлік-логистика кешенін, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, өңірлік даму және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыру секілді бірқатар бастама көтерді.
Жолдауда азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап беруі тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог екендігі айтылды.
Мемлекет басшысының ел алдына қойған міндеттерін орындау біздің алдағы жұмысымыздың негізі болмақ.
Жалпы Қармақшы ауданы тұрақты дамып келеді. Негізгі салаларда оңды өзгерістерге қол жеткізуде.
Жалпы аудан аумағына 2 кент, 12 ауылдық округ кіреді. Аудан тұрғындарының саны 53780 адамды құрайды. Оның ішінде 96,7 % қазақ ұлты (52017 адам), 3,3 % өзге ұлт өкілдері (1763 адам).
Қармақшы ауданы бойынша 6 макроэ­кономикалық көрсеткіш
Қаржы саласы
Аудан бюджетінің 2020 жылдың 1 қыркүйегіне түсімдер болжамы 11 млрд 196 млн теңге орнына 11 млрд 346,0 млн теңгеге атқарылып, 101,3 пайызды құрады (Жылдық 18 млрд 542,2 млн теңге 61,1 % ).
Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 675,8 млн теңге болса, нақты атқарылуы 824,8 млн теңгені, яғни 122,1 пайызды құрап, 149,1 млн теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті (Жылдық 1 млрд 71,0 млн теңге 77,0% ).
2020 жылдың 1 қыркүйегіне аудан бюджетінің шығындар жоспары 11 млрд 658,0 млн теңге орнына 11 млрд 562,7 млн теңгеге атқарылып, 99,2 пайызды құрады. (Жылдық 18 млрд 817 млн теңге 61,4 % )
Өнеркәсіп саласы
Ағымдағы жылдың 8 айында ауданның өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындары 2 млрд 264,0 млн теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда өндірілген өнімнің көлемі 23,1%-ке артты.
Оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте 1 млрд 683 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 127,2% құрады.
Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында құрылысы басталған «Қармақшы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы аяқталуға жақын. Жобаның жалпы құны 1,9 млрд теңге. 2020 жыл көлемінде құрылыс жұмыстарының көлемі 1,2 млрд теңгені құрады.
Аталған қаржыға құс фабрикасының әкімшілік және бақылау-өткізу пунктінің, 6 құс цехының және инкубациялық цехтың құрылыс жұмыстары, құс сою цехының металл конструкциялық жабынын монтаждау жұмыстары жүргізіліп, құс фабрикасының аумағы қоршалды.
Сонымен қатар, құс фабрикасын іске қосу мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджеттен сыртқы электр және сумен жабдықтау желілерімен қамтамасыз ету үшін 393,2 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары аяқталып, атап айтқанда 14,376 шақырым 10 кВ электр желілері, 4,020 шақырымға су желілері, 0,06 шақырымға кәріз су желілері жүргізіліп, қазір таңда нысандарды қабылдауға тиісті жұмыстар атқарылуда.
Индустрияландырудың 3-ші бесжылдығы шеңберінде «Тұрған тамы» шаруа қожалығының «Балық өңдеу шағын зауытын ашу» жобасы Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді. Жобаны іске асыру мерзімі 2021-2022 жылдарға жоспарланған. Жалпы жобаның құны 100,0 млн теңгені құрайды.
Кәсіпкерлік саласының жандануы қандай кезеңде де болмасын тұрғындардың әл-әуқатының артуына әсерін тигізеді.
Жалпы, ағымдағы жылдың 8 айында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3735 бірлік, ал онда жұмыс істейтіндер саны 5364 адамды құрады.
Кәсіпкерлік субъектілерімен 2176,0 млн теңгенің өнімі шығарылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 43,7% артты.
Жыл басынан бері 90 жоба 411,2 млн теңгеге несиелендіріліп, 277 азаматқа 166,0 млн теңгенің гранты берілді. Оның ішінде:
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 4 жоба 28,0 млн теңгеге;
«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 12 жоба 161,7 млн теңгеге несиелендіріліп, ісін жаңа бастаушы 7 кәсіпкерге жалпы құны 16,0 млн теңгенің гранты берілді.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» «Еңбек» бағдарламасы аясында 74 жобаға 221,5 млн теңге шағын несие және 270 азаматқа 150,0 млн теңгенің гранты берілді.
Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде құны 31,6 млн теңгенің 2 жобасы екінші деңгейлі банктермен қаржыландыруға мақұлданып, құны 794,5 млн теңге болатын 12 жоба банктердің қарауына ұсынылды. Сонымен қатар, несиелендіру мақсатында жалпы құны 259,0 млн теңге болатын 7 жоба сүйемелдеуге алынып, құжаттары жинақталуда.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жыл басынан аудан бойынша 34 өндірістік шағын жобалар іске асырылды.
Оның ішінде: 11 тігін цехы, 2 шағын наубайхана, 5 кондитерлік цех, 1 бал шығару жобасы, 2 пластик шығару цехы, 4 жиҺаз шығару цехы, 1 күріш ақтау цехы, 2 құс шаруашылығына (жұмыртқа өндірісі) байланысты жоба, 1 жалюзи шығару цехы, 3 жоба құрылыс материалдарын шығару саласында, 2 жем шығару цехы.
Арасында бірқатарын атап өтетін болсақ, Дауылкөл ауылдық округінде «Тұрмағамбет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шағын макарон цехын іске қосты, сонымен қатар, кәсіпорын жем шығару және құрылыс материалдарын (рубероид-қара қағаз, сетка рабица) өндіру цехтарын іске қосуға дайындық үстінде, құрылыс жұмыстары аяқталып, құрал-жабдықтары сатып алынған.
Сондай-ақ, Жаңажол ауылдық округінде «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бастамасымен газоблок шығару цехы және жеке кәсіпкерлер тарапынан құрылыс материалдар (шеге, тікен сым, сетка рабица) өндіру цехтары іске қосылды.
Жосалы кентінен жеке кәсіпкер бастамасымен орталық мал базарының құрылысы іске асырылады.
Бұл жобалар «Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары» аясында іске асырылуда.
Кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосатын ауданымызда жалпы көлемі 15 гектарды құрайтын индустриялық аймақ орналасқан, барлық инженерлік-коммуникация желілері тартылған.
Индустриялық аймақтан жобаларды орналастыруға жалпы ауданы 3,1 гектар 4 жобаға жер телімі берілген.
Қазіргі таңда, индустриялық аймақта «Мир-2001» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігі «Құрылыс құмын және бетон бұйымдарын өндіру цехы» жұмыс істеп, бордюр, брусчатка, сплиттерлік блоктар шығарып, құрылыс құмын өндіруде. Жұмыспен қамтылғандар саны 12 адам. Жобаға салынған инвестициялар көлемі 100,0 млн теңгені құрады.
Екінші жоба бойынша «Аят-Темір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Металл қалдықтарын қайта өңдеу» жобасына 0,6 гектар жер телімі бөлінді. Бизнес жоспарына сәйкес, жоба құны 118,0 млн теңге. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қажетті құрал-жабдықтар ішінара сатып алынған. Жобаға салынған жалпы инвестициялар көлемі 37,0 млн теңгені құрады.
Үшінші жоба бойынша құны 7,5 млн теңге тұратын «Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау» жобасына 0,4 га жер телімі берілген. Қазіргі таңда, жобаны іске асыру бойынша қаржы ұйымдарынан несие алу жұмыстары жүргізілуде.
Төртінші жоба бойынша «СырЦентрСервис» ЖШС-нің құны 15,0 млн теңге «Ескі дөңгелектер мен пластик қалдықтарын қайта өңдеу» жобасын іске асыруға 0,5 га жер телімі берілді. Жоба бастамашысы бірқатар құрал-жабдықтарын жеткізіп, құрылыс жұмыстарын бастауға дайындық жүргізуде.
Кәсіпкерлер тарапынан ұсыныс түскен жағдайда индустриялық аймақтан жер телімін бөліп, несие немесе грант алуға әкімдік тарапынан сүйемелдеуге дайынбыз.
Өздеріңіз білесіздер, біздің аудан ауыл шаруашылығына негізделген аймақ. Бұл сала мемлекеттің қолдауымен жақсы дамуда жыл басынан 611,7 млн теңге көлемінде субсидия (егін шаруашылығына 575,2 млн.теңге, мал шаруашылығына 36,5 млн.теңге) есептеліп берілді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3 млрд 937 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,2 пайызды құрады.
2020 жылы барлығы 22 912 гектар жерге егіс орналастырылды, оның ішінде 13496 гектарына күріш дақылы себілді. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 835,8 гектарға, ал күріш көлемі 1137 гектарға кем егілгенімен, бүгінгі күнге күріш дақылының әр гектарынан 61,5 центнерден алынып, 66,0 мың тонна өнім жиналды. Жалпы күрішті жинау жұмыстарын 15 қазанға дейін аяқталуы жоспарлануда.
Сонымен қатар, биыл ауданымызда алғашқы рет «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 гектарға «Сыр сұлуы» отандық жергілікті күріштің сортын егіп, қазіргі таңда әр гектарын 71 центнерден, 710 тонна өнім жиналды.
Картоп, көкөніс, бақша және майлы дақылдарды өндірістік негізде өсіруді, сонымен қатар жүгері, арпа және мал азықтық дақылдар көлемін көбейтуді қолға алдық. Өткен жылмен салыстырғанда бұл дақылдар 357 гектарға артығымен егілді. Ол өз кезегінде аудан халқын азық-түлікпен жыл бойы қамтамасыз етуге және мал шаруашылығына қажет сапалы жем-шөп қорын жасауға мүмкіндік береді.
Мал басын көбейту мақсатындағы жыл басынан мемлекеттік бағдарламалар аясында 388 мал басы сатып алынды. Атап айтқанда:
«Олжа» шаруа қожалығы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ арқылы 42,0 млн теңге несие алып, оған асыл тұқымды 120 бас аналық, 6 бас қазақтың ақ бас асыл тұқымды бұқаларын сатып алған.
«Елубай» шаруа қожалығы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ арқылы 6,8 млн теңге несие алып, оған 30 бас аналық, 2 бас қазақтың ақ бас асыл тұқымды бұқаларын сатып алған.
Сонымен бірге, «Еңбек» бағдарламалары аясында және «Микробизнес Қызылорда» несие серіктестігі арқылы 14 жоба 117,4 млн теңге несиелендірілді. Оған 167 бас мүйізді ірі қара, 63 бас жылқы малы алынған.
Сонымен қатар, кент және ауылдық округтер бойынша 56 адам бағдарламалар арқылы несие алуға ниет білдіріп, құжат дайындауда. Жалпы құны - 94,7 млн теңге, 56 жоба қаржыландырылса 154 бас мүйізді ірі қара, 166 бас жылқы, 118 бас уақ мал алынатын болады.
Мал басын өсіру, оның өнімін өндіру бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында мал басының барлық түрлерінде өткен жылғы есепті кезеңге салыстырғанда өсім қалыптасып отыр.
Мал шаруашылығында өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда мүйізді ірі қара басы 5,0% (30970 бас), қой басы 1,2% (35119 бас), ешкі басы 3,5% (20799 бас), жылқы басы 3,4% (10554 бас), түйе басы 4,2% (3488 бас), құстар 3,1% (17685 бас) өсті.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағалары күнделікті бақылауда.
Әлеуметтік маңызы бар негізгі 19 түрлі азық-түлік өнімдеріне мониторинг жасалып, қазіргі таңда күнделікті бақылауға алынған.
Ағымдағы жылдың 1 мамырында «Алтын Қамба» агроөнеркәсіп комбинаты» ЖШС мен аудан әкімдігі бірлесіп, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде (А.Иманов көшесі, №23) әлеуметтік дүкен ашты. Бүгінгі күні әлеуметтік дүкен аудан халқына арзан бағада азық-түлік өнімдерін сатуда.
Әлеуметтік дүкеннің ашылуы, ауданда халықтың күнделікті тұтынатын ең маңызды деген азық-түлік өнімдерінің бағасының тұрақтануына өз септігін тигізді.
Қазіргі таңда, Жосалы кентінде екінші әлеуметтік дүкен ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 64 маманға 18,0 млн теңге көтерме жәрдемақы және 81 маманға тұрғын үй сатып алуға 330,10 млн теңге несие берілді.
Жалпы 2020 жылы Қармақшы ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1 млрд 905 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артты.
Есепті кезеңде 17020 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 116,2% құрады.
Құрылыс жұмыстарында жүргізіліп жат­қан басты жобалардың бірі бұл аудан орталығы Жосалы кентінінің газдандыру мәселесі.
2020 жылы газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарту желілерінің құрылысын толық аяқтау мақсатында республикалық және облыстық бюджеттерден 2 млрд 343 млн теңге қаржы бөлінді. Осы жоба аясында 160,0 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 6 дана ГРП орнатылу қажет.
Қазіргі таңда, 152,7 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 6 дана ГРП толығымен орнатылды және 2568 ШРП орнатылуы қажет болса, бүгінгі күнге 2100 ШРП (шкафты тарату пункт) орнатылды.
Осы жоба аясында дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын табиғи газға көшіру мақсатында 2020 жылы аудандық бюджеттен 30 млн 325 мың теңге бөлінді.
Қаралған қаржыға Жосалы кентіндегі 2 мектеп және аудандық мәдениет үйінің жылу қазандығын газға көшіру жұмысы жүргізіліп, 4 мектеп және өкілдік үйінің бу қазандығын табиғи газға көшіруге мемлекеттік сараптамасы мен жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді.
Осы жұмыстармен қатар, Қуаңдария ауылындағы №186 мектептің бу қазандығын сұйытылған газға көшіру жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.
Өздеріңізге белгілі Жосалы кентіндегі бірқатар электр желілерінің 80% тозығы жеткен. Осы ретте 1956 жылдан бері жөндеу көрмеген электр станциясының олқылықтарын жою жұмыстары жүргізіліп, қайта жаңғыртудан өткізілуде.
Бұл қыс айларында электр желілері сөніп қалып немесе электрдің кернеуі көбейіп кетіп тұрғындарды әбігерге түсіретін еді.

Халықтын тұрмысын жақсарту мен электрмен қамтамасыз етуге байланысты Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ «Жосалы» қосалқы қондырғысын қайта жаңғырту жұмыстарына 2020 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден 1 млрд 130 млн теңге қаржы бөлініп, жұмысы жүргізілуде.
Ауданымызда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Қармақшы ауданы бойынша 40 жоба 3,0 млрд теңгеге іске асырылуда. Осы жобалар аясында жалпы аудан бойынша 804 жаңа жұмыс орны ашылуы жоспарланды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы тіркеуде тұрған 409 адам жұмыспен қамтылған.
Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде:
– 8 әлеуметтік нысан;
– Елді мекендердің 6 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары;
– 4 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға;
– 14 көшеге жарықтандыру жұмыстары;
– 3 нысанға абаттандыру жұмыстары атқарылуда.
Сонымен бірге облыстық энергетика басқармасы арқылы Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіндегі 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту және қайта жаңғырту, Төретам кентіндегі №22 35/10 кВ қосалқы стансасын кеңейту және қайта құрылымдау құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жосалы кенті мен Төретам кентіне спорттық тренажерлық және стритболдық алаңдарының құрылысы, Төретам кентін­дегі 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданымыздың өз кірістері есебінен «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы шеңберінде 175,04 млн теңге қаржы бөлініп, көркейту жұмыстары жүргізілуде.

Аталған қаржыларға:
– Жосалы кентіндегі орталық алаңды абаттандыруға 40 млн. теңге;
– Жосалы кентіне кіре берісті қоршау жұмыстарына 37 млн 136 мың теңге;
- Қармақшы ауданының 2 кіреберіс шекарасына аудан паспортын орналастыруға 15 млн 226 мың теңге;
– Жосалы кенті көшелеріне 40 бейнебақылау камераларын орнатуға 28 млн 913 мың теңге;
– Төребай би ауылындағы спорт алаңын жөндеуге 5 млн 843 мың теңге;
– Жосалы кенті орталық алаңдағы жаңадан салынған коллонаданы жарық­тандыру жұмыстарына 8 млн 200 мың теңге;
– Жосалы кенті аудандық мәдениет үйі мен аудан әкімдігіне кіре берістегі арканы абаттандыру жұмыстарына 3 млн 900,0 мың теңге;
– Жосалы кентіндегі көшелерінің жарықтандыру бағаналарын безендіру жұмыс­тарына (сырғалар) 11 млн 600 мың теңге;
– Жосалы кентіндегі Балқы-Базар, Маметова, Көмекбаев тұйығы көшелеріне қиыршық тас төсеу жұмыстарына 7 млн 872 мың теңге;
– Жосалы кентіндегі Жамбыл, Маметова көшелеріне жарықтандыру жұмыстарына 4 млн 750 мың теңге;
– Жосалы кенті көшелерінде орналасқан 9 дана арканы абаттандыру жұмыстарына (Абай, Қорқыт ата көшелері бойындағы) 11 млн 600 мың теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылды.

Елді мекендерді абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.
Ағымдағы жылы барлық кент және ауылдық округтеріне абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына аудандық және 4-деңгейлі бюджеттер арқылы 137 млн 860 мың теңге қаржы бөлінді.
Ағымдағы жылдың көктемгі көркейту көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығы кезінде аудан бойынша әрбір мекеме және саябақтарға барлығы 33439 ағаш көшеттері және қаламшалары отырғызылған болатын. Қазіргі таңда ағаш көшеттерінің шығымдылығы 18630, жалпы меженің 57,3% құрап отыр.
Қазіргі таңда бөлінген қаржыларға елді мекендерде абаттандыру және көркейту жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік салаға келсек 2020 жылы аудан бойынша 1579 жаңа жұмыс орынын ашу жоспарланып, 8 айда 1494 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе жылдық жоспар 94,6% орындалды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бойынша 2020 жылға қайта даярлау курсы бойынша 20 адамды оқыту жүргізілуде.
Бағдарламаның ІІ бағыты бойынша
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курсын оқытуға 2020 жылға 310 адамды оқыту жоспарланған (Қармақшы ауданы – 200, Байқоңыр қаласы – 110). Оқудың 1-ші кезеңінде 165 адам онлайн режимінде оқыды (Қармақшы ауданы – 85 (42,5%), Байқоңыр қаласы – 80 (72,7%).
Шағын несие алуға жоспар 101 адам (Қармақшы ауданы – 71, Байқоңыр қаласы – 30). 2020 жылдың 8 айында аудан бойынша 74 адам 221,5 млн теңге шағын несие алды (Қармақшы ауданы – 50, Байқоңыр қаласы – 24).
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 200 АЕК бойынша 275 адамға (Қармақшы ауданы – 155, Байқоңыр қаласы – 120) қайтарымсыз грант қаралған. 270 адамға (Қармақшы ауданы – 150, Байқоңыр қаласы – 120) грант берілді.
Бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша
Әлеуметтік жұмыс орындарына бар­лығы 118 (Қармақшы ауданы – 61, Байқоңыр қаласы – 57) жолданған адамның 54 адамы (Қармақшы ауданы – 16, Байқоңыр қаласы – 38) жұмыстарын аяқтап, 22 адам (Қармақшы ауданы – 11, Байқоңыр қаласы – 11) тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жастар тәжірибесіне барлығы 277 (Қармақшы ауданы – 118, Байқоңыр қаласы – 159) жолданған адамның 98 адамы (Қармақшы ауданы –14, Байқоңыр қаласы – 84) жұмыстарын аяқтап, 38 адам (Қармақшы ауданы – 12, Байқоңыр қаласы – 26) тұрақты жұмыспен қамтылды.
Қоғамдық жұмысқа барлығы 846 (Қар­мақшы ауданы – 585, Байқоңыр қа­ласы – 261) жолданған адамның 284 адамы (Қармақшы ауданы – 156, Байқоңыр қаласы – 128) жұмыстарын аяқтап, 67 адам (Қармақшы ауданы – 42, Байқоңыр қаласы – 25) тұрақты жұмыспен қамтылды.
Алдағы уақытта жұмыссыздық деңгейін түсіру мақсатындағы жұмыстар өз жалғасын таба беретін болады.
Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Дауылкөл, ІІІ Интернационал, Иіркөл, Қармақшы, Алдашбай ахун, Ақжар және Ақтөбе ауылдық округтеріндегі мемлекеттік мекемелер (ауылдық округ әкімі аппараты, мектеп, полиция, ветеринарлық пункт және емхана) 10-20 Мб/сек жылдамдықтағы кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етілді.
Жыл басынан 2 кент және 5 ауылдық округте (Жосалы мен Төретам кентінде, Ақай, Қармақшы, ІІІ Интернационал, Дауылкөл, Иіркөл) ұялы байланыс операторларының 3G жылдамдықтағы интернет желісі қолжетімді болды.
Қалған, Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Ақжар, Ақтөбе, Жаңажол және Жосалы ауылдық округі тұрғындарын «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын, «Халық саны 250-ден асатын елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін Activ және Tele 2 ұялы байланыс операторлары тарапынан 3G жылдамдықтағы интернет желісімен қамту жоспарланған.
Сонымен бірге, тамыз айында «Қазақтелеком» АҚ тарапынан Ақай ауылдық округіндегі 100 үйге «АЛТЕЛ 4G» модемі орнатылып, пайдалануға берілді.
Білім саласы
Елімізде орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты жалпы білім беру ұйымдары қашықтан оқуға көшті.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында аудан бойынша 32 білім ұйымы, атап айтқанда 28 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 орталау мектеп, 3 мектептен тыс және 39 мектепке дейінгі білім беру мекемесі (24 мемлекеттік мекемесі, 13 жеке меншік балабақша және 2 шағын орталық) жұмыс жасады.
Аудан бойынша білім берудің жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес 15025 оқушы білім алады.
2020-2021 жаңа оқу жылын қашықтан, дәстүрлі, аралас түрде оқыту формалары бойынша бастады. Оның ішінде қашықтан оқитын оқушылар саны – 8920, дәстүрлі оқитын оқушылар – 1060, 1-4 сыныптарда кезекші топта дәстүрлі оқитын оқушылар – 5045.
Республика бюджетінен қашықтан оқытуға отбасының әлеуметтік жағдайларына сәйкес (жетім, аз қамтылған, мүгедек балаларға) 1700 ноутбук, 462 компьютер, 599 планшет, демеушілікпен де 78 планшет, 300 SIM карта (тарифімен) таратылды.
Аудандық кәсіподақ комитеті мектеп мұғалімдерінің әлеуметтік жағдайларына сәйкес 32 ноутбукты сабақта қолдану үшін берді.
Аудан бойынша жаңа мотификациялық кабинеттерді жабдықтауға 182 млн 465 мың теңге берілді. Қаралған қаржыға 23 физика, химия, биология кабинеттері жабдықталды.
2019-2020 оқу жылында аудан бойынша мектеп бітіруші 563 түлектің 503-і (89,3%) Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысты. Тесттің қорытындысы бойынша жалпы орташа балл 76,4 құрады.
Бүгінгі күні жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ сынағын тапсырған бітірушіден 352 бітіруші ЖОО-ның мемлекеттік грант иегері, 107-і ЖОО-на ақылы негізде қабылданды.
Биылғы жылы аудан көлемінде білім саласы бойынша төмендегідей құрылыс жұмыстары атқарылуда. Атап айтқанда:
1. «Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылындағы №107 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары» жалпы құны – 180,0 млн теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2. «Байқоңыр қаласындағы №272 мектептің жылу, су жүйелеріне орташа жөндеу жұмыстары» бойынша 17,0 млн теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
3. «Байқоңыр қаласындағы №274 орта мектептің терезелерін ауыстыру» бойынша 9,0 млн теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, толық пайдалануға берілді.
Денсаулық саласы бойынша
2020 жылдың қаңтар-шілде айларында туылғандар саны 781 (2019 ж-649) баланы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120,3 % құрады. Қайтыс болғандар саны 277 (2019 ж-208) адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 133,2 % құрады.
Өздеріңізге белгілі, елімізде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау, алдын алу қазіргі таңда өзекті болып отыр.
Күзгі мезгілдегі коронавирус инфек­цияның болжамды екінші толқынына жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қармақшы аудандық ауруханасында 100 төсек орындық провизорлық стационардан бөлек аграрлы-техникалық колледж жатаханасынан 100 төсек орындық провизорлық стационар ашуға дайын.
Бұл бағытта жұмыстар алдағы уақытта да қатаң бақылауда бола береді.
«Өңірлік жастар саясаты бағдарламасы» аясында жастар саясатын жүзеге асыру бойынша.
Қармақшы ауданында 14-29 жас аралығында 12342 жас тіркелген. Бұл аудан тұрғындарының 22,8 % құрайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын. Еріктілер жылы аясында «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалымен бірлесіп ауданымызда «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға қайырымдылық шаралары өткізілуде.
Сонымен қатар жастарды жан-жақты қолдау мақсатында аудан бойынша 18 «Coworking» орталықтары ашылып, жұмыс жасауда. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының жанынан өскелең ұрпақты азаматтық-партиоттыққа тәрбиелеу мақсатында аудан бойынша мектептерде 8 музей ашылды.
Биылғы жылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Алтын Орданың 750 жылдығына байланысты ауданда онлайн форматында ән байқауы мен көркемсөз оқу шеберлерінің байқаулары, жазба ақындар мүшәйралары ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда Қармақшы ауданы бо­йынша әлеуметтік желілерде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 1940 челлендж, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай 1394 челлендж, Алтын орданың 750 жылдығына орай 297 челлендж, Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» видео құттықтау, 310 челлендж, Үйде бол, Жақыныңа жанашыр бол індеттің алдын алу бойынша 1000 челлендж, және аудан тұрғындарын тазалыққа шақыру мақсатында «Таза Қазақстан» 34 челлендж жалпы 4000-нан астам әлеуметтік желілерде челлендждер жарияланды.
Қылмыс
Есепті кезеңде аудан көлемінде жалпы саны 114 қылмыс тіркелді, оның ішінде ауыр және ерекше ауыр қылмыстың саны – 33. Тіркелген қылмыстың 34,2% ұрлық. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыс саны 26,0 % төмендеді.
Профилактикалық жұмыстарға мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, жастар ұйымдары, ерікті жасақшылар, сақшы сарбаздар тартылды.
Жосалы кентінде орнатылған бейнекамераларға талдау мақсатында жедел бақылау орталығы жұмыс жасайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында ауданымызда халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды қайта жаңғыру және газбен қамту, жол жөндеу мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде.
Мемлекет басшысы мен аймақ басшысының тапсырмаларын орындауда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол арқылы аудан экономикасын дамытып, аудан бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайтуға жұмыстар жүргізілуде.



12 қазан 2020 ж. 684 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 372

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 452

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930