» » Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды

Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды

ЖОСАЛЫ, 4 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударылған. Ондағы басты мақсат – халықпен тікелей қатынас орнату.
  Өткен аптада аудан әкімі Мұса Қалдарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға тіркелген отыздан аса тұрғын, өздерінің мұң-мұқтаждары мен өтініштерін бүкпесіз айтып, оған нақты жауап алды. Сондай-ақ тұрғындардың мәселесін шешуге аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті мекеме басшылары қатысты.
    Көтерілген мәселенің басым бөлігі – жұмыспен қамту, баспана, көше жөндеуге қатысты сауалдар. Әр азаматты мұқият тыңдаған аудан басшысы тұрғындардың өтінішінің кейбірін сол мезетте түйінін тарқатып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ал кей талап-тілектер қолданыстағы заң талаптарына сай зерделеніп, жауап беретіндігі айтылды. Алдағы уақытта келіп түскен шағымдарды өз қадағалауын алатынын жеткізді.


Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
04 ақпан 2020 ж. 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 202
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 388

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30