» » Мемлекеттік сатып алу бөлімі Жолдауға орай жиын өткізді

Мемлекеттік сатып алу бөлімі Жолдауға орай жиын өткізді

Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Б.Шерниязов ұжымның қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауын талқылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында уақыт талабына сай даму бойынша негізгі бағыттар мен батыл қадамдарды көрсетіп береді. Ол еліміздегі барлық салаға арналып отыр.
«Жаңа экономикалық бағыт» аясында әртарапты, технологиялық экономика құру жоспары жарияланды. Сонымен қатар отандық өнімдерді және шетелдік инвесторлық қорғау, бизнеске салықтық жеңілдіктер, көлеңкелі экономикамен шаралары қарастырылған.
Мемлекет басшысы жыл соңына дейін квазимемлекеттік сектордың барлық сатып алу жұмыстарын реттейтін біртұтас заң қабылдауды тапсырды. Реттелетін барлық сатып алулар барынша ашық және «Бір терезе» арқылы ғана жүзеге асырылуға тиіс деп атап өтті.
Шетелдің арзан әрі сапасыз тауарлары отандық өнім ретінде ұсынылып, сатып алу конкурстарында жеңіп шығатын кездері жиі болып тұрады. Отандық өнім өндірушілердің тізімі де, индустриалды сертификаттар да жалған өндірушілерге нақты тосқауыл қоя алмай отыр.
Соған сәйкес, Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жыл соңына дейін Қазақстанның қамту үлесін арттыру үшін нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Осы салаға қатысты ортақ міндет – өңдеу өнеркәсібінің өндірісін бес жыл ішінде кем дегенде 1,5 есе арттыру тапсырды.
Жиналысқа қатысушылар мемлекет басшысының жолдауын қолдайтынын жеткізді.
17 қыркүйек 2020 ж. 527 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031