» » Жылу беру маусымына дайынбыз ба?

Жылу беру маусымына дайынбыз ба?

«Қыс – қыр астында». Сол үшін бейқам отыруға болмайды. Оның үстіне қоңыр күздің салқынынан гөрі қыстың аязы ерте түсті. Бұл дегеніңіз, етек-жеңді қымтап, ағаш, көмір, отынды қаттап «кәрі құданы» қарсы алуға дайындал деген сөз. Жалпы, аудан бойынша жылу беру маусымына дайындық қалай? Көгілдір отынды асыға күткендердің үміті ақтала ма? Жұртшылықты толғандырған ортақ сұраққа аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары жауап берді.
Жалпы, аудан бойынша 2 кент, 12 ауылдық округте 120 әлеуметтік нысан орналасқан. Оның ішінде білім – 57, спорт – 7, денсаулық саласында – 21 ғимарат бар. Ауданға қарасты Байқоңыр қаласындағы 5 қазақ орта мектеп және 1 балабақша табиғи газ жүйесіне қосылған. Барлық әлеуметтік нысанның жылу беру маусымына қосылу үшін аудан әкімінің өкімімен жедел штаб құрылып, тиісті жұмыстарды жүргізуде. Осыған орай, күзгі-қысқы жылу беру маусымына үзіліссіз әрі тұрақты қызмет атқару мақсатында кент, ауылдық округ әкімдеріне және бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, жылу беру маусымының дайындығын күнделікті бақылауда ұстауда.
– Биыл қажетті отын қорын жасақтауға аудандық бюджеттен 619 057,27 мың теңге қаржы қаралса, оның ішінде сұйық отынға 571 622,2 мың теңге, қатты отынға 34 809,6 мың теңге, пропан-бутанға 12 625,0 мың теңге бөлінді. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылып, келісім-шарт құжаттары толық рәсімделді. Аудан бойынша барлық әлеуметтік нысанға сұйық және қатты отын қоры қажеттілігіне сәйкес тасымалданып болды. Қазіргі барлық мектептің жылу жүйесіне жай және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша 2 мектептің ғимараты, жұмыспен қамту жол картасы бойынша Төретам кентіндегі №80 орта мектеп пен Байқоңыр қаласындағы №275 орта мектептің жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Онымен қоса, Жаңажол ауылдық округінде орналасқан №107 орта мектеп те күрделі жөндеу жұмысынан толық өтті, – дейді бөлім басшысы Рустам Ефенов.
Сондай-ақ, балабақша, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт саласы бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Аудандағы денсаулық сақтау нысандарын жылумен қамтамасыз ету облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы қаржыландырылады. Мұндағы 21 нысанға биыл қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізген. Айта кеткен жөн, қатты отын бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан әкімдігімен оны тасымалдайтын кәсіпкерлер арасында меморандум рәсімделді. Бүгінде аудан кәсіпкерлері тас көмірді – 13 мың теңге, ағаш көмірді 16-17 мың теңгеден әкелуде.

Мамандардың айтуынша, аудан тұрғындарының көмірге қажеттілігі 19 500 тоннаны құраса, «Қазақстан Темір Жолы» акционерлік қоғамының мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңға дейін ауданға 257 вагон, яғни 17 990 тонна қатты отын тасымалданды. Бұл – 92,6 процентті құрайды. Теміржол тұйықтарында қалған қатты отын көлемі 64 вагон, 4 416 тонна. Оның ішінде 138 тонна тас көмір, 4278 тонна ағаш көмір. «Қыс – қыр астында». Сол үшін бейқам отыруға болмайды. Оның үстіне қоңыр күздің салқынынан гөрі қыстың аязы ерте түсті. Бұл дегеніңіз, етек-жеңді қымтап, ағаш, көмір, отынды қаттап «кәрі құданы» қарсы алуға дайындал деген сөз. Жалпы, аудан бойынша жылу беру маусымына дайындық қалай? Көгілдір отынды асыға күткендердің үміті ақтала ма? Жұртшылықты толғандырған ортақ сұраққа аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары жауап берді.
Әрине, жұртшылықты толғандыратын осы сауал. Газ құбырын жүргізіп бастағаннан-ақ қалпағымызды аспанға атқанымыз рас. Алайда, әні-міне дегенше қоңыр күз келді. Енді тағы қадам бассақ, қылышын сүйреп қыс келмек. Ызғары ерте ескен бұл мезгілде жаурағандар көп. Ерте қамданып, от жағып, әдемі құрылған сары құбырға үмітпен қарайды талай жан. Қош. Биыл газ қосыла ма?
Мамандардың айтуынша, ГРП-1, ГРП-2, ГРП-3-ден газ алатын барлық көше толығымен газдандырылып, теміржолдың арғы бетінде орналасқан Мөлтек-1, Мөлтек-2 мөлтек аудандары, Мүсірбаев, Айсауытов, Қабылан батыр, Шумилов, Тайшық би, Есқараев, Мүсіркегенов, Әуезов, Балқы Базар, Тұрмағанбет, Жас тар, Қалқай ишан, Ә.Тоғызбаев, Айекенов, Қ.Шыңғысов, Марал баба секілді көшелерге газ желісі жүргізіліп, тұрғын үй учаскесіне дейін шығу нүктесі орнатылған. Газ реттегіш пункттер орналастырылған. Қазіргі таңда кенттің бергі бетінде ГРП-4, ГРП-6 бойынша газ желісін жүргізу жұмысы жалғасуда. Сонымен, кент бойынша барлығы жоғары және орта қысымды 73,5 шақырым газ құбыры дәнекерленіп салынды. ГРП-4, ГРП-5, ГРП-6-дан газ алатын көшелерді газдандыру жұмысы басталып, құбырлары салынуда. Жеке шкафтық пункттер орналасатын жерлерге бетон құю жұмысы жүргізілді. Жосалы кентіндегі Крекесов, Ібаш жырау, Құдабаев тұйығы, Боханов, Мұратбаев, Ізтілеуов, Ниетбаев, Қармақшы тұйығы, Қармақшы көшелеріне жүргізілетін газ құбырлары жоба бойынша жер асты арқылы жүргізілу керегі көрсетілген. Алайда, жұмысшы топпен зерделеу барысында аталған көшелерге газ құбырын жер астымен жүргізілуіне мүмкіндігі жоқ екенін байқаған. Сол үшін аталған көшелерге газ құбырын әуе желісі арқылы жүргізілуіне 20 мамырда зерделеу актісі жасалып, тиісті мекемеге ұсыныстар жолданған.
– Қазіргі таңда 152,7 шақырым газ құбыры жүргізілді. 6 дана ГРП орнатылды. 2568 ШРП орнатылуы қажет болса, бүгінгі күнге 2100 ШРП (шкафты тарату пункті) орнатылды. Жосалы кентіне газ құбырын жүргізіп отырған «Энергоресурс» ЖШС-да 40 адам, 11 техника жұмыс істеуде. Жалпы кентте 119 көше орналасқан. Оның ішінде 3827 тұрғын үй, 54 көпқабатты тұрғын үй, 88 әлеуметтік және 334 кәсіпкерлік нысан бар. Осыған байланысты 2016 жылы әзірленген Жосалы кентін газдандыруға арналған жобаға сәйкес 3827 үйге толық газ құбырын жеткізу жоспарлануда. Ал жоғарыда аталған әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарға бекітілген жобада қарастырылмауына байланысты газ нүктесі орнатылмаған. Дегенмен аталған нысандарға жүргізіліп жатқан газ құбырлары жақын орналасқан. Бұл өз кезегінде Жосалы кентіндегі барлық кәсіпкерлік және облыстық бюджеттен қаржыландыратын әлеуметтік нысандар газ желісіне қосылу үшін өз қаражаты есебінен тиісті газ тарату мекемесіне өтініш жолдай отырып, техникалық шарт арқылы жүзеге асыра алады, – дейді аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолау шылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің әдіскері Мирхан Ешжанов.
Ал Жосалы кентіндегі аудан әкімдігіне қарасты әлеуметтік нысандарды газ желісіне қосу үшін бу қазандықтарын табиғи газға ауыстыруға жобасметалық құжаттама әзірлеу, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне қажетті қаржы көлемін бөлуге бюджеттік өтінім тапсыру арқылы тиісті шаралар атқарылуда. Сонымен қатар жобаға енгізілмей қалған және одан бөлек жобадан тыс қалған үйлерді тексеру мақсатында жұмысшы топ құрылып, олар жобаға кіргізілмей қалған 138 үйді анықтап, «Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-не жобаға енгізуге ұсыныс берген. Нәтижесінде «КАТЭК» ЖШС мекемесі тарапынан аталған үйлерді жобаға енгізіп, бүгінде 85 үйге газ желісі орнатылды. Қалған 53 үйге алдағы уақытта орнатылмақ. Аталған жұмыстар аяқталған соң тұрғындарға газ беру мүмкіндігі қарастырылады.
Айнұр ӘЛИ
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (суреттер)
12 қазан 2020 ж. 725 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 372

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 452

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930