» » Ауданда мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы мен жылу беру маусымының барысы талданды

Ауданда мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы мен жылу беру маусымының барысы талданды

Кеше аудан әкімі М.Қалдарбековтың төрағалығымен өткен аудан әкімдігі мәжілісінде білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы мен әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы қаралды.
Санитарлық карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген алқа мәжілісінің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Д. Нәзікбаевтың хабарламасы тыңдалды.
2020-2021 оқу жылында аудан бойынша 15433 оқушы білім алады. Қазіргі таңда 1 сыныпқа 1644 оқушы қабылданған. Белгілі болғандай 1 қыркүйектен бастап барша білім беру мекемелері жұмысын онлайн жүйеде жүргізе бастайды. Бүгінде аудандағы білім беру мекемелеріндегі оқушылар карантин режиміне байланысты қашықтан оқытылады. Сонымен қатар жаңа талаптарға сәйкес 1-4 сынып оқушылары үшін 15 баладан аспайтын кезекші сыныптар ашу жоспарланған.
Аудан басшысы Мұса Оспанұлы білім беру нысандарының жаңа оқу жылына толық дайындығын қамтамасыз етуді, көмекке мұқтаж балалардың нақтылғанған тізім бойынша «Мектепке жол» акциясы арқылы толық көмек көрсетіп, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді бөлім басшысына тапсырды. Сонымен бірге тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мен білім беру ұйымдарының басшылары бірлесіп санитарлық сақтық шаралары мен ғимараттың талап нормаларына толық сай болуын қамтамасыз етуді жүктеді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р. Ефеновтың хабарламасы тыңдалды.
Ауданда негізгі қатты отынды тасымалдаумен 4 кәсіпкер және сұйық отынды 4 кәсіпкер айналысады. Аудан тұрғындарына жылу маусымы аралығында қатты отын қажеттілігі 19500 тоннаны құраса, бүгінгі таңға дейін тасымалданған қатты отын көлемі 33,4% пайызға орындалған. Аудандағы барлық әлеуметтік нысандарға қажетті отын қоры 1 қазанға дейін тасымалданып болады деп жоспарлануда. Сонымен бірге бөлім басшысы өзінің хабарламасында кейбір ауылдық округтердегі әлеуметтік нысандардағы бу қазандықтарының пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты кемшіліктерді жойып, тиісті шаралар қабылдау керектігіне тоқталып өтті.
Аудан әкімі М. Қалдарбеков алқа мәжілісінің қорытындысында апта сайын аудандағы әлеуметтік нысандардағы жылудың жайына мониторинг жүргізіп, үнемі бақылауда ұстауды тиісті сала басшыларына тапсырды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
26 тамыз 2020 ж. 677 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031